Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - страница 2

Шрифт
Интервал


Осылай алмасу пайда болды. Ежелгі адамдар өз өнімдерінің артықшылықтарын бір-бірімен алмасатын болды.

Алмасудың өз кемшіліктері болды. Егер, мысалы, Чанга тайпасы бір сиырды сатып алғысы келсе не істейді? Чунга тайпасына құлпынай мен алманы қанша беру керек? Есептеуді қалай дұрыс жасау керек? Логикалық тұрғыдан алғанда, бір сиырдың құны едәуір көп мөлшердегі жеміс-жидектен тұрады. Ал егер, Чунга тайпасына көптеген жемістер қажет емес болса?

Алмасу мәселелерін шешу үшін ежелгі адамдар тұзға, жануарларға, найзаларға, жебелерге, балық ілгегіне, жануарлардың терісіне, дәнге, теңіз айғұлағына және үй шаруашылығына лайық басқа да маңызды заттарға заманауи ақшаның қасиеттерін берген. Яғни, ақшаның рөлінде ең оңай айырбасталатын, ең танымал өнімдер болған. Бірақ мұндай алмасу әрдайым ыңғайлы болған жоқ, өйткені ежелгі нарықта бірдей өнімдердің асып түсуі арқылы сатушы сатып алушысыз қалуы мүмкін еді, демек өмірге керекті өнімдерсіз қалған.

Алмасуға кең мүмкүндіктер болу үшін адамдарға ұзақ уақыт бойы сақталынатын және кез-келген уақытта қалаған өнімдерге алмасуға мүмкүндік беретін әмбебап тауар керек болды.

Сол кезде металдар мен асыл тастар алмасу өнімдерінің бірі болды. Кішкентай бір уыс әдемі тастарға үлкен бизон сатып алуға болатын еді. Мыстың бір кішкентай кесегі үшін тауық пен дән, қоланың кішкентай кесегі үшін тұз, азық-түлік және жануарлардың терісін алатын еді.

Неліктен адамдар металдарды және асыл тастарды алмастыру үшін алған? Оларды жеуге немесе киюге болмайды ғой? Біріншіден, металдар еңбек құралдары мен жауларға қарсы қорғаныс құралдарын дайындау үшін қажет болды – металдан жасалған жебелер, найзалар, балық аулайтын ілгектер, тұрмыстық ыдыс-аяқтар ағаштан жасалған құралдарға қарағанда ұзақ қызмет ететін еді. Екіншіден, ежелгі адамдар біздерден кем болған жоқ, әдемі болуға тырысып, әдемі нәрселерді жақсы көрді. Сонымен қатар ежелгі құдайларға терең сенді. Металдардан және асыл тастардан әшекейлерді, қасиетті ыдыстарды, құдайлар бейнелерін жасады. Адамда металдан жасалған әдемі және жоғары сапалы заттардың болуы басқалардың көз алдында бай екендігін көрсетті, және де оған күш пен билік сыйлады. Сондай-ақ, осындай жинақтардың болуы, кез-келген уақытта азық-түлік пен киім-кешекке алмасуға болатын мүмкіндік және де адамдарға болашаққа сенімділік беретін еді.