Гүлмінез әйнек көзіне үңілді. Сыртта – мүлгіген қыстың бозамық күні. Қары сірескен үйлердің мұржаларынан шыққан түтін түнерген аспанға баяу сіңуде. Әудем жерде, қоршау ішіндегі сидам ағаш-тардың бұтақтары ғана желмен тенселеді. Гүлмінез соны байқады ма, қулана:
– Кәне, ата. «Қыбырлаған нәрсе көрінбейді» дейсіз. Ана бұтақтар қимылдап тұр ғой, әне қараңызшы, – деді.
Қария немересінің байыптылығы мен тапқырлығына сүйсініп, мәз болды. Күлкісіне шашалып:
– Атаңды сөзден ұстадың, қызым. Өзіме де сол керек. «Қыбырла-ған жан көрінбейді» деудің орнына «нәрсе» дегенімді қарашы. Сөз қа-дірін білген ата-бабаларымыз, билікті қашан да жеңгенге берген. Де-генің орындалсын, қарағым. Бара ғой. Жылы киімдердіңді киі-ніп шық – деді. Гүлмінез:
– Ала-қа-ай! – деген бойымен бөлмесіне қайта жүгірді.
Немересінің шаттанғанына, қарияның да көңілі тасыды.
– Иә-ә, – деп тамсанды ол. Құштарлыққа не жетсін. Талай ізгі армандар мен мұраттар, осындай жолы жіңішке бастаудан нәр алған. Ендеше қайнар тұманың көзін бөгемейін.
Біраздан соң, қария мен немересі – көшеге шана сүйіретіп, томпаңдап кетіп бара жатты.
Жамал апай балаларға табиғат туралы, оның адамзат үшін маңы-зы жөнінде сабақ түсіндіріп болды да, сөзін былай түйіндеді:
– …Сондықтан да, балалар, табиғатты көздің қарашығындай қорғау керек, аялай білу керек, түсіндіңдер ме?
Осы кезде алдыңғы партада отырған Марат:
– Апай, біздің ауыл да табиғат па? – деп сұрады.
– Иә, ауыл да – табиғат. Сонау көз ұшындағы көсіліп жатқан дала, жайқалып тұрған шөптер де, мына ұшып жүрген құстар, ормандар мен аңдар, теңіз-көлдер мен балықтар – бәрі-бәрі табиғатқа жатады.
Жамал апайының сөзін бар зейінімен тыңдаған Гүлмінез есіне бір нәрсе түскендей қабағын кіржитті. Кенет мойнын алға созып, ұмсына қолын көтерді. Апайы оған назар аударды:
– Иә, не сұрамақшы едің, Гүлмінез?
– Жамал апай, бәйшешек те табиғатқа кіреді ме? – деді ол.
– Әлбетте, бәйшешектен бастап гүлдердің бәрі табиғаттың бөл-шегі…
Ал Гүлмінез болса ойланып қалды.
Ол сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы жасыл қыратқа шығып кетті.
Біраздан кейін, жүзі гүл-гүл жайнап қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға апарып, шұқырша қазып, отырғыза бастады.