СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - страница 10

Шрифт
Интервал


Аңсаған арманына жетемін деп,
Алабұртып, асыққан көңілдері.
Отаны жүз сан ұлыс – Тұран елі,
«Абылай өтпес» арқаның асқар белі.
Ынтымағы шайқалмай халқымыздың,
Жайнай берсін гүлденіп туған жері.
Ұлыстың Ұлы күні, әріптестер,
Қуанышқа, шаттыққа толы болсын.
Қыдыр қонып, Наурызда отбасына,
Дастархандар молынан асқа толсын!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда жүрсек жол болсын!
Кереку. 2005 ж.

ДОСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР


БЕСТӨБЕ САҒАН САҒЫНЫШ ЖЫРЫН АРНАЙМЫН…

(Шамасы, институт түлектерімен болған кездесуде керемет әсерге бөлене отырып, одан кейін мектеп кезін, сыныптастарын еске алған сәтте Мұраттың қаламынан осындай бір керемет өлең жолдары туса керек)

Бестөбе десем – елес боп тұрар алыстан,
Үміт пен арман егіз ғой бірге жарысқан.
Ақша бұлт алып Кереку жақтан барар ма?
Сезімді ыстық жүректе бір кез табысқан.
Бестөбе десем – ардақтар түсер есіме,
Бестөбе десем – ата-анам кірер түсіме.
Бестөбе сені аңсаймын жүріп шалғайда,
Амалым бар ма көнбеске жазған ісіне.
Үйілген тастар шоғыры биік қабысқан,
Төбесі тау боп көрінуші еді алыстан.
Сілеті өзен – кенішке жақын айдында,
Достармен бірге әріге жүзіп жарысқан.
Кез еді албырт күш-қуат бойды билеген,
Арулар бар-ды «қаласаң мені сүй» деген.
Мектептен кейін шахтада бастап еңбекті,
Жұмысшы болып, кәсібін кенші игергем.
Сағымдай сырғып, алыстап кетті армандар,
Тұңғиық терең сырларға толы сол маңдар.
Қопарып тасын, тереңнен қазып кенішін,
Тауыса алған алтынын бір кез адамдар.