Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім - страница 11

Шрифт
Интервал


Кішкентай бала кезіңізде сіз бірінші рет сүрініп, еденге құлап, «бұл толық сәтсіздік» деп ойладыңыз делік. Ештеңе етпейді». Мүмкін сіз сүрінбесеңіз жүруді ешқашан үйренбеген болар ма едіңіз. Қарапайым арифметикалық (математиканың сандарды зерттейтін саласы) мысалда алғашқы қателікті жібергеннен кейін сіз арифметиканы толығымен тастайсыз делік, онда сіз ешқашан ақшаны санауды, дүкендерден заттарды сатып алуды және т. б. үйренбейтін едіңіз.

Менің ойымша, қателесу қабілеті біздің өмірлік тәжірибеміздің маңызды бөлігі болып табылады және егер біз қателік жасаудан қорқатын болсақ және сол қорқыныштың кесірінен одан қашатын болсақ, онда біз біртіндеп өмірдегі барлық жақсы және пайдалы нәрселерден айырыламыз. Әрине, сіз бұл дәлелді абсурдқа (мағынасыз сандырақ) дейін жеткізе аласыз. Егер біз өз қателіктерімізден сабақ ала білетін болсақ, онда көп қателіктер жіберуден қорықпау керек, өйткені қателіктер неғұрлым көп болса, соғұрлым көп нәрсені үйренеміз. Мен мұндай дәлелді жалғастыруды, кеңес ретінде қабылдауды ұсынбаймын, мен жай ғана былай деймін: сіздің қателесуге құқығыңыз бар, қателік пен күнәсіз адам толық бақытты бола алмайды, бұны жоққа шығару – надандық.

Бұрын қандай қателіктер жасасаңыз да, олар сіздің тәжірибеңіздің маңызды бөлігіне айналды. Оларды миыңызды қозғау және өмірді қайтадан бастау мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз: бірінші рет сәтсіздікке ұшырағаныңыз үшін қалаған арман-мақсаттан бас тартпаңыз және бастағаныңызды тоқтатпаңыз, берілмеңіз. Сіздің өміріңіздегі кез-келген қателік сіздің қазіргі түсініңігіңізді қалыптастырды. Қателеріңізге батаңызды беріңіз, олар сізді адам қылды. Олардың тәлім-тәрбиесі үшін рахмет айтыңыз. Есіңізде болсын: қателік пен күнәнің басты мақсаты сіздің миыңызды қозғау және жаңа өмір бастауға тағы бір мүмкіндік беру.

Әрине, сіз менің кітабымды оқығаннан кейін де қателіктер жібересіз, бірақ сіз әрқайсысында үйренесіз, тәжірибе аласыз.

Пешенеге жазылған, қайтпайтын, тойтарылмас, жеңуге келмейтін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оларға өзіңіз ондай мүмкіндік бермесеңіз. Қайталана беретін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оған өзіңіз жол бермесеңіз. Сіз фатализмға (тағдырмен шешілгенге) құл болмайсыз, егер ақиқатқа сай өз тағдырыңызды өзіңіз жаза білсеңіз.


Сәттілік немесе сәтсіздік көрегендікке байланысты