– Мен сені жұмысқа алайын. Қызметіне ақша төлеймін…
Мына сөзді естігенде Шоң іштей қуанып кетті. Бар арманы Ақмолада қалып, дуан кеңесіне сіңісіп біразеңбек етіп, ар жағында мүмкіндік болса дуан басымның көмегімен Омбы жаққа барып оқуын жалғастыру болатын. Өйткені, оқыған төре балалары мұнда біразжұмыс істеп, орыс қалаларына кетіп жататын.
Көкейінді сол ой тұрған Шоң, соған орай былай деді:
– Қадірлісұлтан мырза, бізкедей дамадар емеспіз. Мен ақшаға оншақызықпаймын. Мақсатым білімімді жетілдіріп, сіздің басшылығыңызбен осы кеңседебіразқызмет істеу. Бұл сөздерді де орысша айтқан.
Қоңырқұлжа мына баланың сөз сөйлеу мәнерінде орыстарға тән бір ерекшелік барын әуелінде байқап қалды. Азырақ акценті боламаса орысшаны таза сөйлейтінін өткенде байқаған. Төре балларына да, татарларда да өзіне тән ерекшеліктері бар еді. Лоар оншыорыс сөзін мәнеріне келтіріп айта алмайтын. Қоңырқұлжаға Шоңның таза сөйлегені ұнады. Сонысына таңқалды. Әйтпесе, жалпы, Қоңырқұлжа қара қазақты ұнатпайтын.
– Жарайды, мен сені қызметке аламын. Әкең қалаға келсе маған жолықсын. Қоңырқұлжа Шоңның әкесінің малдыекенін біліп бұл сөзді әдейі айтып отыр еді. Шоң дуан басының тамағы жыбырлап отырғанын біле қалды. Шоң да жаста болас алды-артын байқағыш, оның үстіне қулығы да бар еді. Сол арада әкесінде қанша жылқы барын сұрағанда, сол маңдағы ең бай дама екенін мақтанышпен айтқан.
Қоңырқұлжаға мына баланың өзіде, әкесінің байлығы даұнады. Сол күні Омбыға жіберілетін бір хатты ауызша айтып, соны орысшалап шығуды тапсырған еді. Шоң қолма қол аударып, жазып берген. Сұлтан орысшаны нашар білсе де, орыс сөздерінің мән мағынасын жақсы түсінетін, Шоңның сөзін тыңдап отырып орысшасына да, аудармасына да көңілі толғандай болды. Сол күні-ақ Шоң жұмыс қа кірісіп кетті. Осыны күтіп тұрғандай елінен Телқозы келген. Баласының дуан басы мекемесіне қызметке орналасқанын татар Табристен естіп қатты қуанды. Ес қалмады. Оған ол жерде қызмет атқару қара қазақтың қолы жетпейтін биіктей болып көрінетін.
Ертеңіне Шоң әкесін Приказной-Дуан басының кеңсесіне ертіп апарған. Түс кезі болатын. Бұлар Қоңырқұлжаны күтіп отығанда түскі үзілістен ол келген. Шоңның қасында отырған әкесі екенін айтпаса да бірден білген сұлтан. Кабинетіне ертіп алып кеткен Аға сұлтан әкесімен оңаша қалып біраз сөйлесті. Ақыры сұлтан кабинетінен әкесі қуанышты, ткөңілді шықты, Шоң да оны бірден аңғарды.