Бақыт жолы - страница 3

Шрифт
Интервал


Егер бұл әдістеменің дәстүрлі психологиядан не ғылыми емес әдістемелерден, сондай-ақ тета-хилинг, космоэнергия, рейки, йога, цигун және т.б. тәрізді сана мен түпсананы зерттеумен байланысты дәстүрлі емес бағыттар мен жүйелерден еш айырмашылығы болмағанда, қоғамда мұндай сенім артушылық жәйден-жәй пайда болмас еді.

Пейнхантинг, ағылшын тілінен аударғанда сөзбе-сөз «ауруды аулау» (pain – ауру, hunting – аңшылық) дегенді білдіреді. Міне, осы екі сөз бұл әдістеменің мәні неде екенін көрсетеді. Пейнхантинг, бірінші кезекте, адам өзі біле бермейтін тереңде жатқан жан жараларын жоюға бағытталған. Өйткені мұндай жан аурулары бар адам шынымен бақытты бола алмайды, ол үнемі өз-өзін алдап, қиялмен өмір сүреді, зиян да ақымақ істермен айналысады. Екіншіден, бұл әдіс толықтай аурудың қайдан бастау алатынын барынша дәл табуға бағытталған, сондықтан «аңшылық, аулау» сөзінен басқа ештеңе оны сипаттауға сай келмейтіні анық. Қазіргі таңда адамдар пайдасыз кітап оқудан және ақпаратқа толы әлемде құнды мәлімет іздеуден шаршаған. Былайша айтқанда, бұны адамға зардабын тигізіп жатқан шамадан тыс артылған ақпараттық жүк десе де болады. Сондықтан да бағалы уақытты текке кетірмей, бос нәрсені қозғамай, жағымсыз ойлар мен жан дертінен арылтуды мақсат етіп жүзеге асыратын әдістің болуы аса қажет.

Психология саласындағы жүздеген заманауи және классикалық әдістерді зерттей отырып, мен осы кітап жазылып жатқан уақытта, яғни 2020 жылы, дүниеде дәл пейнхантинг сияқты жан дертін жоятын және психологиялық проблемаларды тез әрі тиімді шешетін бірде-бір әдістеме жоқ деп айта аламын. Егер осы айтқаныма сенімсіз болсаңыз, кітаптың кем дегенде жартысын оқып, оның әдісін өзіңізге не таныстарыңызға кемінде екі-үш сағат қолданып көріңіз. Ал егер сіз осыдан кейін пейнхантинг сіз білетін басқа әдістемелерге қарағанда әлсіздеу деген қорытындыға келсеңіз, маған бұл туралы электронды поштаға жазып жіберсеңіз болады, мен бұл мәселені қуана зерттеп, сізге міндетті түрде хабарласамын.

Пейнхантингтің тиімді екеніне сенімділігім бір күнде пайда бола қойған жоқ. Бұл әдістеме енді ғана құрыла бастағанда, яғни 2018 жылы мен күндіз-түні ғылыми зерттеулермен айналыстым. Күніне 15—16 сағат жұмыс істеп, түрлі клиенттермен бір күнде сегіз жеке сеанстар өткізген кездерім де болды. Бастапқыда мен бизнеске қатысты қарапайым кеңес бере отырып, біртіндеп жеке тұлғаға қатысты мәселелерге, тұлғалық коучингке көштім. Кейінірек адамдар маған көңіл түбінде жатқан уайым-қайғыларымен жұмыс жасауыма сенім арта бастады, сондықтан да мен үрей қашу, психосоматикалық аурулар, депрессияның ауыр түрлері және т.б. осы тәріздес проблемалардан арылту шешу үшін пейнхантингті қолдануды шештім. Және бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешуге болатынына және олардың ресми психология сипаттайтындай соншалықты күрделі емес екеніне таң қалдым. Нәтижелі сеанстардан кейін мыңдаған клиенттер де осындай ойға келді. Бұл әдістеменің тиімділігін тексеру үшін маған келген жүздеген психологтар, үйретушілер, коучтар және тағы осындай психика әрі түпсанамен жұмыс жасайтын басқа мамандар да пейнхантингтің қарапайымдылығы мен тиімділігіне таң қалды.