Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын заманауй педогогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталайық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балалардың шығармашылығын дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану бірнеше міндеттердішешуге мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістер тәрбиешілердің басқа балалармен, тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен, оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін заттақ-дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымыздығ ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу қызметін жүгізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италияндық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісімен жұмыс жасауда. мемлекттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридың әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.
Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.
Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарндылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын республикамыздың мектепке дейінгі мекемелерді қолдауда. Шығармашылықты зеттеген ғалымдардың бірі Г. С. Альтшуллер 50 жылға жуық шығармашылығ тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.
Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім мақсатының біріне жатады. Бүгінгі күні осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орын алатыны айқын. ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жктіледі.