Біздің себептеріміз бен сылтауларымыз «шынайы» деген қиялдарымызды жоққа шығарып, және де өміріміздегі «бақытсыздықтар» түтіндей сейіліп, ал біз тіпті ойға сыймайтын тілектерімізді орындап, өзіміз қалағандай өмір сүруіміз үшін мен осы кітапты жазуға шешім қабылдадым.
Барлығы мүмкін! Біздің қалауымызға сырттан әсер ететін ештеңе жоқ. Біздің тілектеріміз, сонымен қатар проблемалар мен оларды шешу жолдары тек өзіміздің қолымызда. Тек өзіміз ғана, өзіміздің шындығымызды құру және оны өз шешімімізге сәйкес өзгерту қабілетіне иеміз.
Алайда, біз кім екенімізді ұмытып, тізгінді тек аудармашы болып табылатын санамызға бердік, ал ол ештеңе білмейді. Ақылдың білімі тек өткен тәжірибеде жатыр, бірақ біз ол бәрін алдын-ала біледі деп шештік және оған сөзсіз сенеміз, сонымен бірге өзімізді ақылмен теңестірдік.
Есіңізде болсын, біз ақыл емеспіз, тіпті өз денеміз де емеспіз, сіз бен біз одан да биікпіз. Біз өз шындығымызды бақылаушылармыз және «өмірімізді Жасаушылармыз». Және де жасау – өз қолымызда. Егер де біз өзімізбен және санамызбен байланыс орната отыра санамызға тапсырмалар беру арқылы, оны қалай басқаруға болатынын анықтасақ, біз сүріп жатқан өміріміздің әр сәтінде шексіз бақытты боламыз.
Мен сізге ақыл-ойымызбен қалай жұмыс істеуге болатынын, өз санамызбен қалай жұмыс істеу керектігін, бірдеңенің жоқтығы үшін өзіңіз ойлап тапқан себептермен шектелуді тоқтатып, көңілсіздік, мұң, тітіркену, ашулануды ғана емес, бізде жетіспейтін игіліктер мен сезімдерді алуды бастау әдістерін көрсеткім келеді.
Иә, бұл оңай емес және ол сіз ойлағандай жылдам әрі керемет болмайды. Бұл өз-өзіңмен табандылықты және қажырлықты талап ететін жұмыс. Және бұл тек ақыл-оймен ғана жұмыс емес, бұл нақты әрекеттер. Біз өз сезімдерімізге сеніп, жаңа көзқараспен әрекет ету арқылы өмір сүруді үйренуіміз керек.
Қайтадан қиялдар мен шектеулерге бой алдырмау үшін өзіңізді және ақыл-ойыңызды бақылауда ұстауға тырысу және бақытты болуға тұрарлық уақытыңызды жұмсау керек болады.
Мен өз кітабымда әр түрлі терминологияны қолданамын, сізге түсінікті болу үшін және сізді шатастырмау үшін, мен бірден түсіндіріп кетейін, мен ойлау бағдарламалары, ойлау үлгілері, шектеулі сенімдер, көзқарастар, ойлау шеңберлері туралы айтамын, мұның бәрі бірдей ұғым.