Ислам модернизациясы. 1 Бөлім - страница 17

Шрифт
Интервал


Көбінесе мұндай жағдайларда адамдар миындағы қарызынан қашу үшін алкогольге немесе есірткіге жүгінеді. Бір күнə, одан да ауыр күнəларға алып келеді. Неліктен қарызы бар адамдар тағы жаңадан несие алады? Психологтар бүй дейді: Адам несие алған кезде эйфория күйінде болады. Ол өзінің арманына бір қадам жақын түрады. Ол қатты қалаған объектісіне (машина, пəтер, құрал-жабдықтар, т.б.) қарап, көптен бері қалаған нəрсеге ақыры қол жеткізе алатынын түсінеді. Сатып алудан эйфория басылғанда, пайыздарға, төлемдердің мөлшеріне жəне ақылмен бұның бəрі қарыз екендігін түсінген кезде алдану жəне əділетсіздік сезімі пайда болады. Күйзеліс салдарынан, қиын жағдайлардан шығу қабілеті жоғалады. Ішкі тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.

Бір қызығы, несие бойынша өмір кейбір қарыз алушылар үшін өте ыңғайлы. Міне, мұндай адамдардың терең сенімдері:

1) Болашақ ай сайынғы нақты төлейтін ақшаларды белгілеп қояды.

2) Қарызбен өле алмайды – себебі оның өмірі сақтандырылған, вдруг жаңбыр жауып кетсе, қолшатырыңыз бар.

3) Қарыз алушының өмірі басқалар үшін құнды болады, себебі ол тез арада байып кетеді.

4) Барлық ақша жоспарланған, бұл өмірге тəртіп əкеледі.

5) Несиелер сізді тұрақты болуға жəне қол жеткізілген табыс деңгейінен төмен түспеуге міндеттейді.

6) Ортақ қарыздар ерлі-зайыптыларды ажырасудан сақтайды. 7) Ажырасқан жағдайда мүлікті бөлуден қорғау.

Несиенің пайдасы да бар екен деп қазекең қатты қуанып кеткен шығар. Бірақ бұл қарыздық тұзаққа түспеу үшін жайлылық иллюзиясы ғана. Сізге ең бастысы шыныменен уақытында қарыздарыңыздан құтылу маңызды. Сіз қарыз алғыңыз келетінін түсіндіңіз: кіріс пен шығыстың жоспарын жасайсыз, болашаққа қарайсыз жəне нағыз мұсылман сияқты өз əрекеттеріңізге жауапкершілікпен қарайсыз. Міндетіңізді орындауға дайын болған кезде ғана сіз несиеге дайынсыз.

Сонымен қатар, Жеке тұлғаның жетістіктерді немесе сəтсіздіктерді тек ішкі немесе тек сыртқы факторларға жатқызу қабілеті бар. Бəрін іштен көретін адамдар өзімен болған барлық жағдайға өзін кінəлі санайды. Қиын қаржылық жағдайда адам өзін-өзі кінəлайды, одан қалай шығуға болатынын ойлап, содан кейін нақты əрекеттерге барады. Өз проблемаларына қоршаған орта жəне басқа адамдар кінəлі деп есептейтін сырттан көретін адамдар үшін қиынырақ. Бəрін сырттан көретін адамдар теріс əсерге көбірек бейім. Əрине, жағдайдан шыға алмау сияқты обсессивті ойлар мен эмоциялардың тұйық шеңберінен шығу үшін өз психологияңызбен жұмыс істеу қажет.