Ислам модернизациясы. 1 Бөлім - страница 5

Шрифт
Интервал


Қайтыс болған мұсылман үшін садақа беру дүниелік өміріне қайта оралуды қалайды: «Раббым! Маған аз ғана уақыт бер, сонда мен садақа беріп, тақуалардан болайын».

Адам қаншалықты көп садақа берсе, соғұрлым оның мүлкі берекелі болады. Хадисте Пайғамбарымыздың: «Садақа мал-мүлікті азайтпайды» дегені айтылады. Ал Құдси хадисте: «Ей, Адам баласы! Оны жұмсаңыз, олар сізге жұмсайды!» Көңілге разылықпен берілген садақа иманның белгісі, ал ықылассыз садақа екіжүзділіктің белгісі. Алла Тағала мұнафықтар туралы: «…жəне ықылассыз садақа беріңдер» деген. Хадистердің бірінде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) былай дегені айтылады: «Адам денесіндегі əрбір буын, күн сайын садақа беруі керек. Екі адамның арасындағы дауды əділ шешу – садақа. Адамды мінген жануарға отырғызуға көмектесу немесе оған жүк арту – садақа. Намаз оқу үшін мешітке барар жолдағы əрбір қадам – садақа. Жолдан өтіп бара жатқандарға қолайсыздық тудыратын нəрсені алып тастау да садақа болып табылады» (Бұхари, Сулх, 11; Муслим, Зекет, 56). Өздеріңіз білетіндей, адам өміріндегі ең маңызды нəрсе денсаулық. Буындарымыз бен сүйектеріміз, яғни қаңқамыз бір мезгілде өміріміздің жəне денсаулығымыздың негізі болып табылады. Сондықтан əр буынға күнде садақа беруіміз заңдылық. Өйткені, шын мəнінде, əрбір жаңа күн жаңа өмірдің басталуын білдіреді. Осы жəне басқа да осыған ұқсас хадистерге сүйене отырып, денеміздегі əрбір буын үшін садақа бар деп айта аламыз. Əрбір адам ағзасында 360 буын бар. Сондықтан олардың əрқайсысына күнде садақа беру керек. Бір қарағанда, бұл өте үлкен жəне ауыр парыз болып көрінуі мүмкін. Алайда осы жəне осыған ұқсас хадистерде келтірілген түсіндірмелер оның мүлде қиын еместігін көрсетеді. Мысалы, əрбір тəсбих («Субханналлаһ» сөздері), тахмид («Əлхамдулиллаһ» сөздері) немесе тахлил («Лə илəһə иллаллаһ» сөздері) айтылғаны садақа болып табылады. Садақа – сондай-ақ мақұлданған істерді орындауға ынталандыру жəне айыпты нəрселерден тыю (Муслим, Зекет, 54). Садақа тек зікір сөздерін айтудан тұрмайды. Адамдарды жақсылық пен ізгіліккке нұсқау, оларды барлық жаман жəне жағымсыз нəрселерден ескерту де садақа болып табылады. Көріп отырғанымыздай, садақа таратудың, яғни Алла Тағалаға шүкіршілік етудің көптеген жолдары бар. Міне, біз осы жолдардың кейбірін ғана атап өттік. Жоғарыдағы хадисте, сондай-ақ оған ұқсас хадистерден көріп отырғанымыздай, «садака» термині өте кең мағынаға ие жəне Аллаһ Тағаланың разылығына жетуге себеп болатын кез келген