Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі - страница 7

Шрифт
Интервал



71.

(Мұса) айтты оларға: “Ол сиыр

Жер жыртуға, су тасуға жегілмеген,

Теңбілі жоқ оның, болсын кіршіксіз”, – деп.

Сонда олар айггы:

“Міне, енді келтірдің шындықты”, – деп.

Сосын бауыздады сиырды,

Құлықсыз, әрең жүріп орындап.


72.

Мынаны (еске алыңдар), қалай

Сендер өлтіріп болып тірі жанды,

Өзара жанжалдасып тартыстыңдар.

Бір-бірінді “жауыз” деп айыптап,

Сонда құдіретімен Алланың

Жасырғандарың айқын болды.


73.

Біз айттық:

“Сиырдың бір мүшесін алыңдар да,

Өлікті сонымен қағындар”, – деп.

Алла солай тірілтеді өлгенді,

Әрі Өз белгілерін көрсетеді

Сендер ақылға келсін деп.


74.

Енді сол заманнан бері

Қатыгез болып жүректерің қатайды,

Тіпті тас сияқты,

Әлде одан да қаттырақ –

Бірақ тастың да түрі бар:

Кейбірі – бұлақ суын шығарады,

Енді бірі бөлініп өзендерді ағызады.

Алайда тастар арасында, әлбетте,

Алладан қорқып қирайтындары бар.

Әрі Алла бейхабар болып қалмайды,

Жасаған істеріңнен сендердің.


75.

(Әй, мұсылмандар!):

Сендер үміт үзбей жүрсіндер ме,

Олар (үгіттеріңе) сенер деп,

Олардың арасында болған кезде

Алла сөзін естігендер,

Олар оны ұғынып болып

Мағынасын оның (қасақана)

Біле тұра өзгертті.


76.

Мынаны (еске алыңдар):

Имандыларға кездескенде олардың:

“Біз де иман келтірдік”, – деп айтқанын.

Ал өзара оңаша қалғанда:

“Сендерге Алла

(Кітапта) берген шындықты,

Оларға айтуларың керек пе,

Мүмкіндік беріп оларға,

Раббылары алдында дәлелдеуге сендерге.

Соны неге түсінбейсіндер?” – деп.


77.

Қалайша, олар білмегені ме,

Алланың анық білетінін,

Олардың (әдейі) жасырғанын ішінде,

Әрі (арам оймен) ашқанын?


78.

Олардың арасында бар надандары,

Кітаптан мүлдем бейхабар,

Онда өзіне қалағанын ғана көреді,