Труды VII Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» - страница 9

Шрифт
Интервал


Мамандық таңдауда Ж. Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.

Американ зерттеушісі Ф. Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген.

Тұлға және мамандық таңдау қатынасы туралы В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренков, Б.Г.Ананьев Е. А.Климов еңбектернде жалпы еңбек іс-әрекеті, оның тұлға дамуына, жеке қасиеттеріне тизінетін ықпалы қарастырылған.

З. Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады.

Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.

Кез келген менеджер үшін жұмыскерлердің еңбек нәтижесі және қанағаттануы оның қабілетімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық мінездемесіне де байланысты деген пікірмен кейбір психологтар келіспеуі де мүмкін. Шынында да, көбі таңдалғаннан маманның жеке тұлғасы туралы «Сен – бұл сенің жасаған нәрселерің» деп айта алады.

Жұмысқа шықпаған күндерінің саны, өнімділік, еңбекке құлшыну, өтірік айту, тб. өлшемдер тек ұйымдастыратын факторлар (жекелік стилі және корпоративті мәдениет) қызметтері ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар жұмыскерлердің мінездемелеріне тәуелді келеді. Жеке тұлғалық мінездемелер мен мамандық таңдау, еңбек мотивациясы, өнімділік, жұмыспен қанағаттанушылық, жұмысқа байланысты стресс, сонымен бірге жұмысқа келмеген күндер, өндірістен жарақат алушылық, т.б. әдебиеттер жеткілікті болса да оның көмегі әркелкі. Соңғы уақытта мамандық өзгерту, жаңа еңбек әрекетіне бейімделудегі қиындықтар, жұмыстағы деңгейі, оқыту нәтижесі сияқты жеке тұлғалық қасиеттермен және факторлармен байланысты екені кездеседі.