Тау мен теңіз ертегілері. Үлкен краб - страница 3

Шрифт
Интервал


Балалардың қытай дәстүрлі мәдениетіне деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Ежелгі қытай классикасының шығармашылық трансформациясы мен инновациялық дамуын қалай жүзеге асыруға болады? Бұл жағында Сяо Мао пайдалы әрекет жасады. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына енген ертегілер ежелгі қытай халқының ғажайып қиялына мұра ету негізінде оны жаңғыртып отыр. Бұл автордың дәстүрлі қытай мәдениетіне деген құрметі. Бұдан автордың Қытайдың дәстүрлі мәдениетін шығармашылық жолмен трансформациялауы мен инновациялық дамытуға деген ерік-жігерін көруге болады. Қытайда ежелден бар тақырыпты жаңғыртудың өзі балалар әдебиетіне қажетті кеніш болып саналады.


Чжу Юнсинь,

Қытай білім беру ассоциациясының вице-президенті, Қытайдың білім беру саласындағы жаңа оқу экспериментінің негізін қалаушы, Сучжоу университетінің профессоры

Шуху


Әлем пайда болмай тұрып, Оңтүстік Қытай теңізінде (Нанхай) Аспан императоры болған…

«Әлем» деп, мен осы өзіміз өмір сүріп жатқан әлемді айтамын. Бұл әлем пайда болмай тұрған кезге дейін де Оңтүстік Қытай теңізі болған. Ол біз қазір айтып отырған Оңтүстік Қытай теңізі емес, бірақ ол да оңтүстікте болған. Сол теңізде Шу деген Аспан императоры өмір сүріпті.

Бейхайда да (Солтүстік Қытай теңізі) Ху есімді Аспан императоры болыпты. Шу мен Ху дос екен. Ол кезде Аспан императоры – олардың да шаруасы көп болмаған екен.

Шу Худы іздеп жиі келеді екен. Ху да Шуға жиі барып тұрыпты. Олардың бірі Оңтүстік теңізде, бірі Солтүстік теңізде тұрады. Екі теңіздің арасы өте алыс болыпты. Бірақ олар үшін көп уақыт кетпейді. Олар көзді ашып-жұмғанша кезігіп, жолығып тұрады. Олар бір-біріне әне-міне дегенше жетіп барады екен.

Қазіргі кезде Шуху2 дегенің «көзі ашып-жұмғанша, кенет және шапшаң» деген мағына береді. Ал олардың уақытты қалай қысқартқанын менің өзім де білмеймін. Кейбір адамдар олардың көлік құралдары өте дамыған деп болжайды. Мысалы, олардың көлігі айдаһар, бұлт болуы мүмкін. Яғни «Батысқа саяхат» романының басты кейіпкері Маймыл патшасы Сун Вуконгтің бұлтқа қалай ұшуды білгені сияқты деп ойлайды. Бұл пікірдің ешбір негізі жоқ. Ал кейбіреулер олар Аспан императоры болғандықтан, оларда «ерекше қабілет» болады, яғни ұша алады, көзге көрінбейді, жерді кішірейте алады деп ойлайды. Мұның да негізі жоқ. Олар император болғанымен, шын мәнінде, қарапайым адамнан еш айырмашылығы жоқ. Жолда жалғыз жүреді, қасында нөкерлері болмайды. Бірақ олардың жылдамдығына шек келтіре алмайсың. Өте шапшаң, зу етіп жетіп келеді. Ешбір себебі жоқ.