Осыдан бұрын ұшатын жануарлардың кездесуі жайлы ешбір мәселе көтерілмейтін, ол тек сынып-тастардың бас қосуы сияқты өтетін. «Бес мың жыл бұрын бір-бірімізден ажырамаған едік, енді міне, ба-сымыз әрең қосылып жүр» деп ойлап, «Таулар мен теңіздердің классикасы» туралы әңгіме айтып, қонақ болып, тарасатын.
Кім екені белгісіз, отырғандардың бірі «Ұшатын жануарларға адамдар мінсе бола ма?» деген сұрақ қояды. Сол-ақ екен, бәрі соны талқылап ала жөне-леді. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деген сөз бар, мен өз басым адамдардың маған мінгенін қаламаймын» деп, ұшатын жылан ат бойын ала қашады. Ұшатын жыланның соңынан ылғи да бұлт ілесіп жүреді, мұның өзі бір тылсым дүние болып көрінетін. Кейбір көзі нашар көретін адамдарды (ол заманда көзілдірік деген бол-майтын) «моцзы» деп атайтын. Моцзы ұшатын жылан-дарды ұшатын айдаһарға ұқсатып, «Ой, мен айдаһарды көрдім, рас айтамын! Мен айдаһардың басын көрдім,құйрығын көре алмадым! Оның бұлттың арасында қалықтап бара жатқаны өте керемет…» дейтін. Бірақ оған ешкім сенбейтін, тіпті оның сөзін ешкім тыңдап та қоймайтын. Моцзы болса «Мен айдаһар көрдім, рас айтамын…» деп, жолыққан адамның бәріне айта бе-ретін.
Мәселен, ұшатын жәндіктер сияқты жыланға қар-сы пікір айтқандар да болды.
Ұшатын жәндіктер кіп-кішкентай, олардың түрі өте көп. Олар өз ұстанымдарын білдіру үшін іштерінен өкіл сайлап үлгереді. Әлгі сайланған өкіл бетін сипап, қа-наттарын жайлап қағып, аяқтарын ысқылап:
– Омыртқалылар немесе омыртқасыздар, сүтқо-ректілер немесе сүтқоректі еместер, құстар немесе аңдар, тіпті жәндіктер болсын, әйтеуір ұша алатын бол-са болды, адамдардың мінісіне жараса болды, одан асқан мәртебе болмайды деп ойлаймын. Әйтпегенде,ұшудың не пайдасы бар? – дейді.
Ұшатын жәндік бұл сөзді еш ойланбастан айта са-лады. Ойына не келсе соны айтады деген осы болар. Ұшатын жәндіктердің мініске дайынбыз дейтін себебі – оларға міне қоятын ешкім жоқ. Қалай мінуге болады?Кіп-кішкентай жәндік тұрса, оны тек Цзунрэн (кішкен-тай адам) ғана мінбесе. Цзунрэндердің үлкендігі күн-жіттей. Бірақ олардың өзі ұшатын жәндіктерді шуыл-дақ деп менсінбейді. Ұшатын жәндіктер қанат қағып ұшқан кезде қатты ызылдаған дыбыс шығарды… бұл дыбысқа адамдардың басы ауырып, шыдай алмай-ды. Одан да бақбақ ұсынған тегін парашютті пайдаланған дұрыс, ол тіпті ыңғайлы, жылдам, қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зияны жоқ. Оның үстіне цзунрэндер үйлерінен тым алыстап кеткісі келмейді. Олар, әдетте,ұзақ сапарға шықпайды. Тым алысқа кетіп қалса, үй-лерін таба алмай қаламыз деп уайымдайды. Бақбақ парашютіне бір рет мінгеннің өзі оларға өте қызық бо-лып сезіледі.