Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong) - страница 9

Шрифт
Интервал


Аспан құдайы арызшылардың шағымын қарау-дан шаршаған жоқ, ол шынымен тамақ ішуге мұршасы болмай қалады. Ол тамаққа енді отыра берген кезде,он мыстанның бірі кіріп келеді де:

– Құдіреті күшті Құдай, – деп, елдің арыз-шағы-мын айта бастайды.

– Ештеңе естігім келмейді, жалықтым! – дейді де, Аспан құдайы қолындағы сақпысын үстелдің үсті-не тастай салып: – Күнде-күнде арыз-шағымнан көз ашпадым, тамақ ішуге де мұрса бермедіңдер ғой, –дейді.

Ол енді ұйықтайын деп, басы жастыққа тигені сол еді, Хужэндердің бірі кіріп келіп:

– Сәлеметсіз бе, құдіреті күшті Аспан құдайы (Ас-пан императоры), ұйқыңызды бұзғаным үшін кешірім өтінемін. Дегенмен мен сізге маңызды хабар айтқалы тұрмын, мұны айтпасам, өз міндетімді орындамаған боламын. Біреу былай деп…

– Не деді? Сағат қанша болды? Таңнан кешке дейін

маза бермедіңдер ғой! – деп, үстіндегі көрпесін лақты-рып жіберіп: – Осы сендер, қарапайым адамдар, ертең келіп айтсаңдар болмай ма? – деп, сөзін нықтай түседі.

– Жоқ, болмайды. Аспанды біреу әр жерінен тесіп кетті… – деп сыбырлайды Хужэн.

– Не дейсің? – деп, Аспан құдайы орнынан атып тұрады да: – Аспан тесіліп қалды ма? Оны кім тесіп тастады? Жүрек жұтқан қандай сұмырай? Маған қар-сы келмекші ме? Тез Нюйваны шақырыңдар, ол бес түсті тасты ерітіп қоспа жасайды деп естідім. Ол адам жасағанды қойып, сол жасаған қоспасымен ең әуелі аспанның тесігін жамасын! – дейді.

Он мыстанның бірі келіп:

– Құдіреті күшті Құдай, бір оқушы сабақ оқыған-ды қойды… – дейді.

– Сабақ оқымағаны қалай? – деп, Құдай қолын-дағы ішіп отырған шайды дастарқанға қоя салып: –Оны қалай түсінуге болады? – деп сұрайды.

– Оқушы сабаққа зейін қоймайды, ойы басқа жақта отырады, сол себепті ата-анасы шағымданып отыр… – дейді мыстанның бірі.

– Не деп шағымданып отыр? – дейді Құдай шай-ын ұрттап.

– Баланың ата-анасының айтуынша, баласын Құдайлар азғырып отыр екен. Оның аңсары тек ас-панға көтерілу болып қалыпты. Ол құдіреті күшті Құдай болып, қалағанын істеймін дейтін көрінеді. Сол себепті оқу үлгерімі күрт төмендеп кетіпті, – дейді мыстан.

Аспан құдайы Көктегі қыздардың биін тамашалап отырған кезде, Хужэндердің тағы біреуі келіп, оның құлағына: «Құдіретті күшті Құдай, біреулер Құдайдың атын жамылып, бақсылықпен айналысып жүр екен» деп сыбырлады.

– Бақсы дейсің бе? Бақсы болып не істейді? – деп,қабағын түйіп сұрайды Құдай.