Wikipedia guide for beginners - страница 2

Шрифт
Интервал


Маңызды!

Өз қолданушы есіміңіздің өзге қолданушыларға түсінікті, балағат сөздерсіз және мүмкіндігінше сіздің аты-жөніңізді қамтығанына көз жеткізіңіз.

ҚАЗАҚША УИКИПЕДИЯНЫҢ БАСТЫ БЕТІ ҚОЛДАНУШЫЛАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ БОЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛЕНГЕН ҚҰРЫЛЫМҒА ИЕ. ОЛ БІРНЕШЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРДЕН ТҰРАДЫ

Жоғарғы мәзір (Навигация панелі)


* Іздеу жолағы – Басты беттің жоғарғы оң жақ бөлігінде орналасқан. Мұнда кез келген тақырыпты енгізіп, қажетті мақаланы табуға болады.

* Басты бет – Уикипедияның басты бетіне жылдам оралу үшін қолданылады.

* Қауым портал – Жаңа қатысушыларға арналған ақпарат, Уикипедия ережелері мен нұсқаулықтары.

* Талқылау – Қатысушылар мақалалар бойынша пікір алмаса алатын бөлім.

* Оқу, Өңдеу, Көзіңді қарау – Әр мақаланы оқу, өңдеу немесе бет тарихын қарау мүмкіндігі.


Сол жақ мәзір (Бүйірлік панель)


Мазмұн бөлімі – Мұнда «Жаңа мақалалар», «Кездейсоқ мақала» және «Таңдаулы мақалалар» сілтемелері бар.

Қауымдастық бөлімі – Қатысушыларға арналған көмекші беттер: ережелер, пікірталас беттері, статистика.

Құралдар бөлімі – Бұл бөлімде «Арнайы беттер», «Беттің сілтемелері», «Басып шығару нұсқасы» сияқты пайдалы құралдар бар.


Тақырыпты таңдау


* Ережеге сай болуы – Уикипедияда маңызды әрі сенімді дереккөздермен расталған тақырыптар ғана жазылады.


* Қайталау болмауы – Ұсынылған тақырып бойынша мақала бар-жоғын тексеру үшін іздеу жолағын пайдаланыңыз.


Маңызды!


Уикипедияда бүгінгі күні бар мақалаларды қайта жазуға тыйым салынған. Ол екі бірдей мақалалардың пайда болуының алдын алу мақсатында жасалған амал.

Егер Уикипедияда сіздің жазуға ниеттелген мақала бойынша ұқсайтын мақала болған жағдайда, сол мақаланың ішіне тақырыпша ретінде енгізу қажет. Мысалы, «Абай Құнанбайұлы» және «Абай Құнанбайұлы өмірбаяны» мақалалары бөлек мақала ретінде Уикипедияға енгізіле алмайды. Қазіргі уақытта бар «Абай Құнанбайұлы» мақаласын негізге ала отырып, сіздің жазғыңыз келген «Абай Құнанбайұлы өмірбаяны» бөлімі сол мақалаға өңдеу, яғни тақырып (ша) ретінде енгізілуі тиіс екенін ұмытпаңыз.