Батырлар қасымызда. 2 бөлім. Келешек ұрпаққа үлгі болып, өмірлік мақсаттарға жетуге шабыт пен мотивация беретін кітап - страница 2

Шрифт
Интервал


екен. Бір аяғы жоқ болғанымен ширақ бала екен. Бізге көп сұрақ қойды, біз түсінбей, аудармашыдан сұрап едік: «суды тауып бересіңдер ме?», – деп сұрап тұр деді. Біз оның басынан сипап, шоколад беріп, мәз қылып шығарып салдық. Бір уақытта, біз күннің ыстығында жұмыс істеу барысында, ортамыздағы жігіттің басынан күн өтіп, қатты ауырып қалды. Сол жайттан кейін түнде жұмыс жасаймыз деп шештік. Аудармашымыз арқылы: «түнде прожектордың сәулесіне, бұрғылау машинасының дауысына, мына ауылдың тұрғындары бізге қарсы шықпайды ма?», – деп сұрадық. Ол молдамен сөйлесіп, қарсы еместігін естірді. Сөйтіп, күндіз киіз үйде болып, түнде жұмыс жасайтын болдық. Киіз үйді олар көрмеген екен, қарап тамсанып жүрді, – деді ол күліп.

Мен оған: «Жәнібек десе Жәнібек екенсің, атыңа сай болып шалғайдағы Африкаға барыпсың», – деп мақтап қойдым.

Сөйтіп, Жәнібек екеуміз қымызханаға барып, әңгімені сол жерде жалғастыратын болдық. Қымызханаға келген соң, қымыз ішіп отырып: «сонда қанша метр қаздыңдар?», – деп сұрадым.

– Ой, ұмытып қалдым, құдай біледі, бірақ бір жағдай есімнен кетпейді, – деді ол.

– Қандай жағдай, айтып берсен, – дедім мен.

– Жаңағы алдында айтқан мүгедек бала, күнде-күнде таңертең келіп, көзі жаудырап бізден бір нәрсе сұрайды. Аудармашыдан сұрасақ, «Су шығады ма? Су келе ме?», – деп жүр деді. Біз оған қарап: «Әрине шығады, әрине табамыз», – деп басынан сипап қойып жүрдік. Ол болса мәз болып кетеді ауылына. Сөйтіп, төрт-бес күн шамасында таңертең келіп тұратын болды. Бейсенбі күні жер бұрғылап жатқан кезде, су шықпай, уайымдап жүр едік, молда келіп қасымызда Құранды оқып, біраз отырып кетті. Біз де оны түсіндік, «әй, бұл байғұс та уайымдап жүр ғой», – деп. Жұма күні арамыздағы бір жігіт күндіз ұйықтап кетіп, оянып, бізге: «түсімде маған атам келіп, ауылдағы жантақты