Читать Бала болсам да, менің құқықтарым бар - Жанат Жанғалиева

Бала болсам да, менің құқықтарым бар

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Бала болсам да, менің құқықтарым бар" автора Жанат Жанғалиева. Общий объем текста составляет эквивалент 5 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанры наиболее вероятно можно определить как детская познавательная и развивающая литература, воспитание детей. Книга была добавлена в библиотеку 09.08.2023, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Бұл суреттермен безендірілген кітап сіздерге, ата-аналарға және сіздердің балаларыңызға құқықтары туралы әңгімелейді. Түсіндіреді. Баламызға және өзімізге парасатты өмір салтын ұстануды, өмірімізді жан-жақты жақсартуды, әлілдікке ұмтылуды, өзімізге басты бағыт етіп ұстанамыз. Біз және біздің ұрпағымыз біздің әлемімізді көркейтуге ықпал етеді деп ойлаймын. Әрбір үйде бала бақытты өмір сүрсе, бала құқықтары құрметтеліп қорғалса – әлем жақсара түседі. Халқымыздың дана сөзі бар – бақытты бала – өмір гүлі. Өміріміз гүлденсін.

Книга Бала болсам да, менің құқықтарым бар онлайн бесплатно


Автордан Бір Ауыз Сөз

Жанғалиева Жанат

Педагог, Юрист

Баланы тұғаннан құрметтеу керек, оның құқықтарын білу керек, онымен санасу да керек. Сонда ғана өзін бағалайтын, басқаны да құрметтейтін, өзіне сенімді, мықты азамат қалыптасады.

Өмірімізде балаға қатысты орын алған стереотипті дағдылардан тазарайық. Өйткені біз баламызды тек біз үшін ғана емес, әлем үшін жақсы үлес қосатын, сол әлемнен өз орынын таба алатын азаматтар тәрбиелеуді армандаймыз ғой

Кіріспе

Мен баламын. Cіз білесіз бе, біздің елде бала құқықтарын қорғау туралы заң бар. Әлемде “Бала құқықтарын қорғау” декларациясы бар. Аталған декларацияда “Бала туылғанға дейін және туылған соң да, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегеніне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді” деп көрсетілген. Бұл дегеніміз, біздің, яғни балалардың құқықтары қорғалуы тиіс.

Бала құқықтары конвенциясы Нью Йоркте 1989 жылы 20 қарашада қабылданды.

Бір өкініштісі, бұл конвенцияға бүкіл әлемдегі мемлекеттер толық қол қойып, бала құқықтарын қорғауды заңды түрде қабылдаған жоқ.

Ал біздің отанымыз Қазақстан осы халықаралық конвенцияға 1994 жылы 16 ақпанда Нью-Йорк қаласында қол қойды. Бұл дегеніміз – мемлекетіміз балалардың құқықтарын қорғайды деген сөз.

Мемлекетімізде 18 жасқа толмаған кез-келген адам бала болып саналады.

Қымбатты ата-аналар және достар, осы кітапта жазылған құқықтарымызды әрқашан біліп жүрейік.

Мен кішкентай ғана баламын, соған қарамастан менің өз құқықтарым бар. Мен өз көздерімнің, қолдарымның, даусымның, айтар сөзімнің иесімін. Менің жүрегім және сезімдерім бар. Мен толыққанды адаммын, тек айырмашылығым: менің тәнім мен ақыл-есім әлі жетілмеген, мен әлі өсіп жатырмын.


Читайте также
Иногда, чтобы спасти свой мир, приходится наведаться в гости ко врагу.Подчас, чтобы спасти друга, приходится совершать смелые поступки.Но одна вещь...
Талантливый ученый, посвятивший свою жизнь разработке новых средств и методов протезирования, по воле судьбы, оказывается в плену у "Десяти колец" в...
Как самостоятельно, без посторонней помощи легко и правильно произнести незнакомое английское слово, если вы не знаете ни одной английской буквы? Уник...
Главного героя Михаила Сергеева похищают. Он оказывается на небольшом острове посреди тихого океана в окружении своих родственников, которых он считал...