Читать ОЯН РУХ! - Нарша Булгакбаев

ОЯН РУХ!

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "ОЯН РУХ!" автора Нарша Булгакбаев. Общий объем текста составляет эквивалент 5 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанры наиболее вероятно можно определить как духовная литература, общая психология, стихи и поэзия. Книга была добавлена в библиотеку 09.08.2023, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Менің атым Нарша, мен қазақпын! Менің мамандығым – өзгені өзімдей сүю, мен психологияны, философияны, дінді оқыдым, бірақ «ауыр сырқаттан» университеттен кетуге мәжбүр болдым. Мен 2017 жылдан бастап, 5 жыл бойы өте жағымсыз аурумен күресіп келемін, мен емделетініме өте сенімдімін. Өйткені емделмейтін ауру жоқ. Ауру да, оның емі де жаратылған. «Мен өз ауруымды жеңдім» деп айтуға шексіз сенімдімін, сондықтан ешкімнің көңілі түспеуі керек және қалай болса да сенімін жоғалтпауы керек.

Книга ОЯН РУХ! онлайн бесплатно


Қандай жақсы


Бай болғаның қандай жақсы,

Пайда көретін жалтақсыз.

Танылғаның қандай жақсы,

Жүре алмайтын атақсыз.


Сау болғаның қандай жақсы,

Сыпылдайтын армансыз.

Бар болғаның қандай жақсы,

Ғұмыр кешетін тағатсыз.


Адал болғаның қандай жақсы,

Турашыл дейтін арамсыз.

Әділ болғаның қандай жақсы,

Шыншыл дейтін қарасыз.


Бала болғаның қандай жақсы,

Күнің өтпейтін қызықсыз.

Адам болғаның қандай жақсы,

Өмір өтпейтін қайырсыз.


Ғибрат болсын сіздерге!


Күн шықса лезде батырған,

Уақыт неткен зымыраған.

Бұл дүние уақытша,

Қонақпыз аяқталғанша.


Ізгілік қаныңа тарасын,

Адамзат қайда барасың?

Адаспаған болсаң егер,

Дүниеден сау қайтарсың.


Бірітіндеп адамға бақ қонбас,

Адам боп өзі ұмтылмаса.

Ажал жетпей өлім болмас,

Көлденең тап болмаса.


Жазғанымнан не пайда,

Оқыған баға бермесе.

Бөскенімен не пайда,

Нəтижесін көрмесе.


Түсінгенінен не пайда,

Жүрегі қабылдамаса.

Өмір сүргенінен не пайда,

Түбінде қайыр болмаса.


Иманға шын берілген,

Тойсыз да өмір сүре алар.

Еңбекке шын берілген,

Əнсіз де өмір сүре алар.


Ақылы үнемі толықпаған,

Шынды, хақты ұға алмас.

Сөзді жүрекпен тыңдамаған,

Сөз шындығын таба алмас.


Тағдырға еш өкпем жоқ,

Разылық еттім бəріне.

Уақытта шын бір мін жоқ,

Үлестірілген бəріне.


Кей кездері қуанған,

Кей кездері мұңайған,

Көп адасқан шатасқан,

Тұрақты бола алмаған.


Замандастан шықты ғой,

Залым менен дұшпаның.

Құтырып шектен шықты ғой,

Болмады жөнге салғаның.


Бір-бірімізді уладық,

Бір-бірімізді қорладық,

Кешірім неге сұрамадық?

Шүкірлік неге қылмадық?


Сабрлық неге танытпадық?

Құдайдан неге қорықпадық?

Құран қалдырған ақ жолды,

Жаңамен неге былғадық?


Бес парыздың барлығынан,

Сабақ неге алмадық?

Күнде бір уағыз, қатын әңгіме,

Екі құлақпен қармадық.


Жөнге салар көш бар ма?

Пайғамбар Сүннет жолынан.

Ақиқат құны қалды ма?

Адамзат жасаған амалдан.


Өлімді жиі еске ал,

Өзіңді сөйтіп тəрбиеле.

Ақыретті жиі еске ал,

Қалып қойма көлеңкеде.


Тойда ішкен бір күн мас,

Есі жоқтар күнде мас.

Құл болып кетпе жаманға,

Еріп кетпе арамға.


Шын иманың бақыт қой,

Өтірік мақтаннан аман бол.


Читайте также
Данное качество входит в систему классических ценностей человеческой жизни. Описание идет с психологической, философской и духовной точки зрения. Как...
Данная работа включена в книгу "Замечательный человек", планируется её размещение в "Этико-психологическом словаре" (4-6-томник). Данное качество отно...
Стихи в сборнике отражают авторские размышления, настроения, чувства и осмысление действительности. Сборник состоит из четырёх разделов. В первом – ра...
Артем Варгафтик – известный музыкальный критик, радио- и тележурналист. Его передачи «Оркестровая яма» и «Партитуры не горят» были удостоены националь...
Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе?
Күнделікті газеттер беттерінен (менің ойымша газет оқитындар әлі бар), кинотеатрлар мен теледидар экранынан, кітаптар мен көшедегі жарнамадан, интерне...
После изучения и освоения принципов и законов жизни ваша жизнь будет полна счастья, любви, свободы, уверенности и денег. Но нужно понимать, что никто...
На кого вам следует стараться быть похожим? Знаменитому певцу, спортсмену, бизнесмену, которому вы вообще не нужны, даже если вы собираетесь умереть?
Қазіргі исламда мұсылмандардың қазіргі өмірінде ертедегі исламның институттары мен нормаларын қалпына келтіруді мақсат етуді жариялаймын. Исламды өзін...
"Что если тот, кто лечит ваши души, сам прошёл через весь этот ад?"Доктор Карл Уинслоу – психолог, психиатр, психотерапевт, гипнотизёр. Его частная кл...
Вы не то, что думаете о себе, но то, что вы думаете каждую секунду, это и есть вы. Вы не то, что вы имеете, вы не то, что вы совершали какие-то поступ...
Адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруға деген құштарлығы бар. Проблема мынада, бұл өсуге және дамуға деген ұмтылыс – бақытты болуға және қанағаттануға...