Читать Легенда о Теле - Абдраш Тебериков

Легенда о Теле

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Легенда о Теле" автора Абдраш Тебериков. Общий объем текста составляет эквивалент 60 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанры наиболее вероятно можно определить как биографии и мемуары, книги о войне. Книга была добавлена в библиотеку 12.05.2024, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Письменное изложение некоторых воспоминаний, не отданная дань уважения к памяти родителей, дедушек и бабушек.Имена персонажей изменены.

Книга Легенда о Теле онлайн бесплатно



Жаратушыдан жазушыға тән қасиет маған берілмеген. Ешқандай естелік, күнделік, болашақта қажет болар деп «түртпе жазу» жиған емеспін. Алайда әр кезде терең, өз орнымен нақты айтылған сөзге, сүйіспеншілігімді сезініп жүрдім. Бірақ, осы күнге дейін елмен араласып әңгіме ақылдарын тындап түйген ойым: әке-анам, ата-әжем алдындағы құрмет-сағынышымды аз да болса есте қалған олардың өмірінен үзінділерін қағазға түсіруге міндеттімін. Осыны орындауға бел будым.

Неге монитор емес – қалам? Иә, қалам, себебі біз сияқты компьютерсіз өскен буынға, бірақ қолымызға түскен кітап оқуға құмарлығымыз таусылмаған адамдарға, бірден мониторға басылған сөз – өзінің тереңдігін, ой-пікірін жоғалтатын сияқты. Өзіме қойған міндет – күніне бір парақтан болса да жазу.

Ал, бастайық. 1981 жылдың наурыз айының соңғы күндері. Мен, жас аға инженер, Ташкент электротехникалық

– байланыс институтының түлегімін; көтеріңкі де, қобалжу түрімен үйге келдім. Үш жарым жыл өндірісте, кейде ұйқысыз түнгі ауысымдық жұмыс, жанұямда екі қызымның дүниеге келгені, қалтамда қағаз – Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) әскери борышын атқару туралы бұйрық, міндетті түрде шұғыл территориалдық мекемеге жету, бұрыңғы жұмыс орнынан маған екі апталық төлем берілуі тиісті түсіндеме.

Күндер өте білгенім, мен жұмыс істеген жердегі басқару мекеменің бастығы, өте құрметті кісі, мен үшін одан құрметі кем емес МҚК облыстық басқармасының бастығы генералмен сөзге келгені. Облыстық байланыс басқару мекеменің кадр мен бас аппараты – техникалық білімді өзі түп ұлтты маманды жоғалтқысы келмегені. Олардың жоспары бойынша, мені сол кезден сәл ертерек жаңадан құрылған Торғай облысына жұмысымды жоғарлатып жіберу екен. Мен институт бітіріп, жұмысқа орналасқан алғашқы күндерден бастап жас маман ретінде, МҚК көзіне түскен екенмін. Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғында, суық соғыс кезі, ХХ Мәскеу

Олимпиада ойындарының алдында, сол кездің терминологиясымен «басты қарсылас мемлекет» – США- ның ЦРУ мекемесінде бюджеті мен штаты өскен. Осыған орай, Политбюро ЦК КПСС мүшесі, КГБ СССР төрағасы Ю.В. Андропов өз жағынан жауап амал қолданды. Қажетті тексеріспен, органға шаруашылықтардан жас мамандарды, инженер, агроном, зоотехник, мұғалім, журналист, комсомол қызметкерлер қабылдана бастады.


Читайте также
Страстная любовь с первого взгляда, может привести к печальным последствиям...
В курортном городе N появляется загадочный кондитер. Никто не знает, откуда он взялся и что добавляет в пирожные, но его кофейня становится излюбленны...
Артур приезжает в Америку с целью покорить Голливуд. Он красив, талантлив и амбициозен. Ему кажется, что все двери открыты перед ним, однако парень оч...
Книга стихотворений Евгении Голосовой, поэта из Санкт-Петербурга, автора трех поэтических сборников и ряда публикаций в литературных альманахах и на п...