Шежірем сыр шертсе - страница 15

Шрифт
Интервал


",-деп орынды айтады.

Сонымен қатар зерттеуші қыздан тарайтын ұрпақтарды: жиен, жиеншар дейтінімізді, ал одан кейінгілерін көгеншар, дегеншар деп атайтындығымыз ұмытылып бара жатқандығын тілге тиек етеді. Таңқалмасқа болмайды, арамызда жеті атасын қарапайым әдіспен–бармақ басып санай алмайтындар да бар. Қосылып-ақ санайсыз ғой, бірақ санай келе, мәселен, атасы не үшінші, не төртінші болса, түлен түрткендей «жоқ, олай емес, ол бесінші не алтыншы атам» деп жөн-жосықсыз табан астында айнитындар да табылып жатыр, оған не дерсіз. Біздіңше, жеті атаны жоғарыдағы мақаласында ғалым-этнограф, жазушы, С.Кенжеахметұлы тілге тиек етіп кеткен халқымыздың тарихы пен шежіресін бір кісідей жете білетін аяулы азаматтары–кезінде бірі еліміздің көрнекті мемлекет қайраткері, патшасы, ал екіншісі қоғам қайраткері, айтулы классик жазушысы болған Д.А.Қонаев пен С.Мұқановтан артық кім бөле-жара дұрыс, жеткізе санай алмақ дегіміз келеді. Осы ретте бүйректен сирақ шығарып, «велосипедті» қайта ойлап табуға ниеттенбей, кезінде білетіндер салып кеткен сүрлеу, соқпақ жолмен неге жүре бермеске деп ойлайсыз?!

Мысалы, шежіремнің ұрпақ тарқату кестесінде көрсетілгендей, менің 5-атам Сұңқар болса, менімен туыс, құрдасым Шүкірбек бауырымның да 5-атасы Сұңқар. Демек біз онымен бесінші буыннан қосылатын ағайынбыз. Қарапайым арифметика емес пе, екеумізге ортақ осы Сұңқар баба кейінгі ұрпақтарымыздың 7-аталарына айналған шаққа дейін олар өзара туысқан жандар болып қала бермек. Туыстық ара-жіктері 8-атаға өтерде ғана ажырайды. Қалабай баба Айтмахан ағамыз бен әкеміздің 3-атасы болса, ал менің 4-атам. Ендеше мен Айтмаханмен төртінші атадан қосылатын туыспын. Әлібек бабаҚылышбайдың да, менің де үшінші атамыз. Сондықтан біз 3-атадан қосылатын туысқанбыз. Ал мен Асанмен әкелеріміз біртуған ағайынды адамдар болғандықтан 2-атадан, Мыңжасардан қосыламын. Демек ол менің, жұрт аузында жиі айтылып жүретін екі туып, бір қалған жақын бауырым. Сонымен осы аталған ағайындар арасындағы қыз алыспас туыстық қатынастар қашан да болсын жаңағы біз айтып кеткен тәртіп бойынша есептеліп, шығарылады.

Жеті атаны тарқатып, санаудың көнеден келе жатқан бұдан басқа жолы жоқ. Осы ретте айта кететін тағы бір жайт – көп әулеттер ағайындық қарым-қатынастарын тек жеті атасымен ғана шектеп қоймайды. Ақсақалдары жиылып, арнайы шешім шығармайынша олардың