Қиял Әлемі. Ертегілер - страница 3

Шрифт
Интервал


Сол кезде жылқы:

– Ииииооооо, оны қайтесің? – дейді.

– Рахметімізді айтайық деп едік, көңіліміз тыныш таппай жүр, – дейді екеуі қосылып.

– Оны аспанда самғап жүрген бүркіт біледі, – дейді жылқы.

Осылайша, енді екеуі таудың басындағы бүркітке жолығуға барады. Олар бүркітті тауып алып:

– Бүркіт ата, бізге осы сыйлықтарды кім жібереді? – деп сұрайды Тоқашай соңғы күшін салып.

– Ия, кім жіберетінін мен білемін, – дейді бүркіт.

– Кім ол айтыңызшы, біз сыйлықтары үшін рахметімізді айтайық деп едік, – дейді екеуі.

– Мен кім екенін білемін, бірақ көрген емеспін. Ол сыйлықтардың иесі бұлттардың артында, кемпірқосақтың үстінде Жалдан деген сиқырлы елде тұрады. Сол елдің Әрес деген патшасы жібереді, – дейді қара бүркіт.

– Оған бізге жіберген сыйлықтары үшін рахметімізді қалай жеткізсек болады? – деп сұрайды тышқан.

– Ол елге сендер түгілі менің өзім ұшып жете алмаймын, өте қиын. Бірақ түннің ортасында сол елге қарай қатты жел соғады. Сол жел арқылы хат жазып ұшырып жіберсеңдер болады, хат иесіне жетеді, – дейді бүркіт.

– Мына қоржынымды жіберсем жел алып бара ма? – деп сұрайды бір кезде Тоқашай.

– Ия, әрине, желдің күші сондай қатты, – дейді бүркіт.

Осылайша, Тоқашай мен Рүшен ақ қағазға «Рахмет» деп жазады. Хаттарын сәлеммен бастап, жіберген сыйлықтары үшін бүкіл жануарлардың атынан шын жүректен лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын айтады. Көңілдері қимаса да, тоқаштарды да хатпен бірге қоржынға салып бүркітке береді. Бүркіт көкке көтеріліп, қоржынды желмен қоя береді. Қоржын түнгі аспанға самғап, желмен бірге патшаға қарай ұшады.

Тоқашай мен Рүшен үйлеріне оралғанда, өздерін батыр сезінеді. Олар бастарынан кешкен барлық оқиғаларды жақындарына айтып береді. Көршілері мен жақындары олардың ерліктеріне қатты сүйсінеді. Шынында, олардың жасағандары ешкім жасамаған ерлік еді. Тоқашайдың көңілі жай тауып өзін бақытты сезінеді. Өйткені, ол аспанның арғы жағында Әрес патшаның тоқаш жеп жатқанын көріп жатқандай әсерде болады.

Конец ознакомительного фрагмента.