– Ойбу… қарақтарым-ай ә… бұл қиындықтардан да құтылармыз, шыдаңдар. Қандай жағдай болса да қарындарыңды ашырмаңдар, денсаулық деген зор байлық.
Бақыт тәте жұмыстан шығып, автобус аялдамасына қарай бет алды. «Осы маған не болды? Қара терге түсіп, бойымды әлсіздік билегендей болып көрінеді. Дәрігерге барып қаралуым керек шығар,» – деп ойлай берді. Ол кісі осылайша ойлап көлік аялдамасына жетті. Осы жерде осы кісі туралы айтып кеткеніміз жөн болар. Осыдан үш жыл бұрын күйеуі Кәдірхан Бәкейұлы мезгілсіз қайтыс болды. Ол кезде елімізде қиын-қыстаң заман басталып еді. 1986жылы Еліміздің Бас секретары болған М.С.Гарбачевтың жүргізген «Қайта құру» саясаты жүргізіліп, кеңінен құлаш жайды. Қазақ мемлекетінің Бас секретары ауыстырылып ел ішінде наразылық туды. Соның нәтижесінде мемлекетіміздің астанасы Алматы қаласының студент жастары, қазағымның ұл-қыздары бейбіт шеруін құрып алаңға шықты. Өкінішке орай бұл шеру бейбіт шеруі болмай қантөгіске айналып, талай жастарымыз қаза болды. Мұндай қозғалыстар мемлекетіміздің басқа қалаларында да өтіп өз қолдаушыларын тапты. Осы тарихи, мәні зор оқиғаның нәтижесі Кеңестер Одағына кіретін мемлекеттерді өз алдына, тәуелсіз мемлекет құруларына мүмкіндік тудырды.
Сонымен, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Оған бәріміз қуандық, бізбен бірге бүкіл әлемде тұратын қазақ халқы қуанды. Бірақ, әр бастаманың өз қиындықтары да болады ғой. Елімізде нарықтық экономика басталды. Ол жылдары Кәдірхан ағаның отбасы Талдықорған орман шаруашылығына қарасты үйде тұратын. Орман Шаруашы —
лығының кеңсесі Ардагерлер сая жайында, қаланың сыртына қарай орналасқан. Бұл кісілер көшіп келгенде мұнда төрт-ақ отбасы тұратын, кейіннен тұрғын үйлер салынып, шағын ауылға айналды. Осы тоқсаныншы жылдардан бастап завод, фабрикалар жабылып талай ел жұмыссыз қалды. Соның нәтижесінде, бала-шағасын асырау үшін талай ел сауда-саттықпен айналыса бастады.
Тоқсаныншы жылдардың аяғына қарай білім мен медицина пұл-ақылы бола бастады. Тіптен ақшасы жоқтар дұрыс ем алудан қалды. Кейбір ауыруханаларда соқыр ішек ұстамасымен келген ауыруды «ақша төлемесең ота жасамаймыз» деп, көмек көрсетпей жатқызып қоятын жағдайларды да естідік. Бұл деген сұмдық емес пе? Дәрігер Гиппократтың антын беріп тұрып, осындай іс-әрекетке баруға болмайды ғой. Мұндай дәрігерді дәрігер деп санауға бола ма? Әрине, жоқ. Дәрігер деген алдына келген өзінің қас жауынан бас тартпай емдеуі міндетті. Ал білім жағына келетін болсақ, көңілге қонбайтын жағдайлар жетіп артылады. Мысалы, тест тапсырып жоғары бал алғандар грантқа ілініп пұл-ақысыз оқиды. Ал грантқа ілінбегендер, әрине әке-шешесінің тапқан-таянғандарын төлеп оқиды. Мұнда, оқушы балаларды екі топқа бөлүге болады. Адал, ой-өрісі кең балалар оқуларын жақсы оқып, ата-аналарының еңбектерін ақтайды. Ал кей балалар оқу оқымай, көше қыдырып, эмтихан кезінде зачет кітапшаларының арасына екі мың, бес мыңды салып тиісті бағаларын алып, курстан курсқа өтіп отырады. Өкінішке орай мұндай жағдайлар кездесіп тұрады. Осының нәтижесінде мынындай ой туады, – мұндай оқушылардан қандай маман шығады? Және, пұл-ақылы оқу мұғалімді де, дәрігерді де өздерінің тікелей міндеттерінен айырды ма деп қорқамын. Келешекте бұл жағдайдың бәрі өз арнасына түседі деп үміттенемін.