Бізге сыйлық, берді, – деп, бақшадан жаттаған тақпағын айтты. Біз үш жасар қыздың тілін қызық көріп:
– Аяз ата қайдан келеді? – деп сұрағанбыз.
– Алатаудан келеді, – деді ол.
– Ал сыйлықты қайдан алады?
– Жұмыс істеп, ақшаға сатып алады, – деді сонда ол.
Гүлмінезді бақшасына жетектеп алып келе жатыр едім, ол:
– Папа, ананы қарашы, Қазақстанның жалауы, – деді маңдай-шадағы желбіреген көк туды көрсетіп.
Айжан атты көрші келіншектің анасына укол салғанын көрген Гүлмінез:
– Мама, мен дәу болғанда доктор болып, Айжан тәтеге укол сала-мын, – деді аянышын сездіріп.
Көрпесінің бір шеті ашылып қалғанын байқаған Гүлмінез:
– Ой, аяғым жамылмай қалды ғой, – дегені.
Тоққа қосулы тұрған электр пештің қызған сым темірі «шытыр-шы-тыр» етіп жарқылдап кетіп еді, соны байқап қалған Гүлмінез:
– Анау пешті қарашы, ұрысып жатыр, – дегені.
Қытай сағатын жерге түсіріп алып, әйнегі шығып кетіп еді, Гүл-мінез оны дереу ұясына салып:
– Сағаттың көзілдірігін кигізіп қойдым, мама, – деді айыбын түзеген сыңай танытып.
Көше қиылысынан бұрыла берген автокранды көрсетіп:
– Апа, машинаның ұзын мұрнын қарашы, басқа машинаны соғып кетеді ғой, – деді үрейленіп.
Үш жарым жасар Гүлмінез көрші бөлмеден жүгіріп келгенде, анасы әлдиін емізіп отырған. Ол әлдиге еңкейіп:
– Әне, әпкеңді көрдің бе? – деген. – «Әпке келді» деп айтшы.
Сонда Гүлмінез:
– Ол сөйлей алмайды, аузында тісі жоқ, – деді.
Гүлмінез әлдиін бетінен сүйгелі еңкейіп еді, әлдиі шашынан ұстай алды. Сонда Гүлмінез:
– Мама, мынаны қарашы, шашымды жыртпақшы, – деп араша сұрады.
Бақша ішінде ойнап жүрген Гүлмінез көк құрақтың үстіне отыра беріп, қайта шоршып тұрды:
– Ой, шөптер «кіш» етіп қойыпты, – деді құраққа қонған шық там-шыларын көрсетіп.
Суреттердің біреуінен әке-шешесінің үйлену тойы дастарқаны үс-тінде бірге отырғанын көріп:
– Мама, бұл суретті қайда түстіңдер? – деді.
– Үйлену тойымызда.
– Мені неге шақырмадыңдар? – деді сонда Гүлмінез.
Дәлізде еден жиегінде жорғалап бара жатқан тарақанды көріп қа-лып:
– Ой, папа, біздің тарақанды қарашы, – деді қуанып.
Таңертең ұйқысынан тұрған Гүлмінез:
– Мама, мұрным естімей қалды, – деді, мұрны бітіп, тыныс алуы қиындап кеткенін сездіріп.