ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - страница 10

Шрифт
Интервал


Жаһанның әз бектері, асыл тектері.

Түрік бектері ішінде атын асырған,

Алып Тоңға Ер еді, құты тасыған».

Жүсіп Баласағұн, «Құтты білік» XI-ғасыр.

Сақа мейрамы

Жолға тас-түйін қамданған Ер, Би, Нар аттарының басын «Ерлік алаңындағы» бабалар ескерткішінің алдына әкеліп тіреді.

– Тарих қойнауына сүңгитін жорығымыздың басын қайсы кезеңнен қайырсақ екен? – деді Нар бауырларына бұрылып.

– Әрине, Алып Ер Тоңға заманынан бастаймыз, – деді Би алдындағы бабаның алып мүсініне қарап тұрып. – Өйткені, тарихи танымымызды кітаптың алғашқы беті сияқты ең ежелгі дәуірден бастаған дұрыс емес пе. Ал Алып Ер Тоңға заманы – біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасыр.

– Ендеше VII-ғасырдың қай жылдарына сүрен саламыз?

– Меніңше «Кеңістік сағатымызды» біздің дәуірімізге дейінгі 626—625 жылдардың аралығына туралайық. Өйткені, дәл осы жылдарда бабамыз Алып Ер Тоңғаны парсы патшасы Кейхосрау алдап қонаққа шақырып, оны нөкерлерімен бірге у қосылған шарапқа тойдырып, қырып тастамайтын ба еді. Біздің мақсатымыз, соның алдын алу, бабаларымызды апаттан құтқару емес пе.

– Иә дұрыс айтасың, – деді Ер тісін қайрап. – Біз бабамызды құтқар-уымыз керек. – Ойланып барып:

– Бауырлар, ежелгі дәуірден жеткен «Алып Ер Тоңға» дастан-ындағы мына жолдар естеріңде ме:

Алып Ер Тоңға келеді,

Жүз мың әскер ереді,

Оған Би мен Нар қосылады:

Жүз мың жебе кереді,

Жер қайысқан қол еді.

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан,

Қаһарын жауға таратқан

Көк тәңірінің ұлы еді!

– Кәне, бауырлар, – деді Ер бауырларына кезек-кезек қарап. – Сағатымызды көне дәуір – біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылдың Наурызына туырлайық.

Үшеуі де жеңдерін ысырып, «Кеңістік сағаттарының» айналарын бас-қылайды. Содан кейін оң қолдарын кеуделеріне қойып, ұран-дарын екпінмен айтады:

Біз – Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік – басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз! —

Үшеуі де сағаттарының түймесін сырт еткізіп басып қалады.


***

Біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылдың Наурыз айы. Парсы елінің Нейнәва қаласының маңындағы басы жайпақ, ат шаптырымдай жазық кең жота. Алып Ер Тоңғаның қалың әскері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау үстінде. Көк жотаның бір қанат-ында күрес, жамбы ату, садақ тарту, тағы басқа сайыс өнері қызу жүріп жатыр. Сай жақтан көкпаршылардың қиқу салып даурыққан дауыстары естіледі. Жонның екінші қанатында қазан-қазан ет асылып, көже қайнатқан, саба-саба қымыз піскен қызылды-жасылды киінген әйелдер.