ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - страница 12

Шрифт
Интервал


Алып кісі үшеуіне сынай қарайды:

– Қалай екен?!. Ал, енді үш балуанды шығарыңдар!

Асыр алдындағы парсы кілемдері төселген кең алаңға желкелері күжірейген, бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнаған үш балуан шыға келеді. Бір қарағанда, кескін-келбеттері алып бұқадай бұл үшеуін бойлары сырықтай бауырлардың алып та, шалып та жығулары мүмкін емес-тей еді. Бірақ Нар екі жағындағы бауырларына кезек қарап, естілер-естілмес жайымен сөйледі:

– Бұлардың қолына түссек, үшеумізді үш бүктеп, лақ құрлы көрмей атып ұрар. Сол себепті, қолдарына түспеудің амалын жасап, каратэ тәсіліне салып, қарақұстарынан теуіп-теуіп құлатайық. Басқа амалдың бәріне бұлар мыңқ етпейді, – деді.

– Дұрыс айтасың, сөйтсек-сөйтейік!

Үш балуан үш жақтан анталап жақындай бергенде, бұлар олардың уысына түспей лақтай бұлт-бұлт етіп ойнақтап, сытылып шыға бере-ді.

– Үррит деген! Ептіліктерін қарай гөр!

– Қимылдарына көз ілеспейді, шіркіндердің!

Осылайша олар жолбарыстың алдындағы мысық сияқты ептілік көрсетіп жүреді де, кенет үшеуі келісіп қойғандай көз ілеспес шап-шаң қимыл-әрекетке барады. Олар мысықша көкке секіріп, шыр айналады да, бар екпіндерімен балуандардың қарақұсынан теуіп-теуіп өтеді. Қатты соққыдан есеңгіреген балуандар жерге кескен теректей гүрс-гүрс құлайды.

– Туһ, сайтан алғыр!!!

– Жарайсыңдар, жігіттер!

– Бұл жолы ерледіңдер! – деп қауқылдай даурығысты жұрт.

Алып кісі де таңданысын жасыра алмай басын шайқап, нөкер-леріне қарап:

– Пай-пай! Көрдіңдер ме бұл епті барыстарды! Жолбарыс деп жүргендерді сұлатты ғой! Бұл сайыпқырандарға үш торғауыт сауыт пен қару-жарақ беріңдер! Қосыныма қабылдадым! – дейді өктем үнмен.

Бауырлар «Ур-а-а!» деп бір-бірін қаусыра құшақтап, қатты қуа-нысты. Сол лепірген күйлерін жасыра алмай, үшеуі жұдырықтарын түйістіріп, түйілген қолдарын серпе көтерді.

Үшеуі сыртқа шығып, сауыттарын киініп қайтып келіп еді:

– О, бәрекелді! Жауынгерлік сауыттарың құтты болсын!

– Бұларды сайыпқыран батыр деуге енді жарады! – деп лепірді жұрт.

Бауырлар бұл жолы марапат-мақтауға оншалықты еліккен жоқ. Оның орнына:

– Дат, тақсыр! – деді тосыннан.

– Датың болса, айт!

– Біз сізге әрқайсымыз бір-бірден сауал қойсақ деп едік.

– Қойыңдар сауалдарыңды!

Бірінші Ер шығады алға:

– Тақсыр, осы өңірден бастап сонау Қапқаз бен парсы жұрты-ның терістігіне дейін сұғына жатқан елді Мидия, Мад елі дейді. Сол жұрт сіздің атыңызға байланысты қойылған ба? Соның анық-қаны-ғын білсек деп едік.