ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - страница 6

Шрифт
Интервал


– Сіздерге таң қалып отырғанымыз, – деді екіншісі сөзді әрі қарай сабақтап. – Бұрын жерліктер бізді көрген замат тұла бойлары қалшылдап, қорқып, үркіп, естерінен танып жатушы еді. Ал сіздер өйтудің орнына, батырларша айбат шегіп, бізге тап бердіңіздер. Соған қарағанда, мына ер бабаларыңызың ескерткіші бойларыңызға күш-қайрат пен рух дарытатын сияқты ғой. Солай ма?

– Дұрыс айтасыз, – деді Би оны қоштап. – Біз батыр баба-ларымызды мақтан тұтамыз және құрметтейміз. Еліміздің тарихын терең білуге ұмтыламыз. Сол ер бабаларымызға ұқсап біз де батыр, қаһарман болғымыз келеді.

– Жөн —жөн.

– Иә, батыр бабаларын құрметтеп, мақтан тұтатын, ерлеріне арнап осындай зәулім де сәулетті ескерткіштер орнататын биік рухты елге еш-қандай жау қорқынышты емес шығар. Тіпті біз де сіздерден сескеніп тұр емеспіз бе, – деді олар күлімдеп. – Осы батыр баба-ларыңыздың ерлік тарихын білесіздер ме?

– Білгенде қандай! – деді үшеуі нық та сенімді үнмен.

– Бізге әңгімелеп бересіздер ме?

– О-о! – деді Би басын шайқап. – Батыр бабаларымыздың ерлік хи-каяларын әңгімелеуге бір түн тұрмақ, бірнеше күн жетпейді. Сіздердің де уақыттарыңыз тығыз шығар.

– Дұрыс айтасыз.

– Онда сізде көшіретін аппарат бар ма? Біздегі кітаптарда барлығы жазылған, – деп, өздері орындықта қалдырған кітаптарды көрсетті.

– Иә, бар, – деді де біреуі жылдам барып, ескерткіш түбіндегі әлгі аппаратты әкеліп, қақпағын ашты да, балалар берген үш кітапты соған салды. Бір минут өтті ме, өтпеді ме, қақпағын қайта ашып, кітаптарды балаларға қайтарды. – Көшіріп алдық. Өздеріңе үлкен рақмет!

– Сіздерге жақсы, – деді Нар таңданғанын сездіргісі келмей. – Сонау ғарыш түкпірінен «тәрелкелеріңізбен» ұшып келіп, жеріміздің табиғатын ұңғыл-шұңғылына дейін зерттейсіздер. Керекті мағлұмат, деректерді жылдам көшіріп ала қоясыздар. Ал біз болсақ ертеде өткен батыр бабаларымыздың ғұмыр-деректерін қанша оқыдық десек те, үзіп-жұлып қана білеміз. Шіркін, сіздер сияқты біз де ата-бабаларымыздың дәуіріне саяхат шегіп, ғұмыр-тұрмыстарын ұңғыл-шұңғылына дейін зерттей алсақ қой…

– Оның ешқандай қиындығы жоқ, – деді үркерліктердің бірі кеуде-сіндегі қобдишадан медальон-тұмар сияқты бір затты суырып алып жа-тып. – Біз де сіздердің биік рухтарыңыз бен ер-жүрек-тіктеріңізді, батыр бабаларыңызға деген сүйспеншіліктеріңіз бен отаншылдықтарыңызды құрметтегендіктен, берген дерек-мәлімет-теріңізге риза болғандықтан, мына «Кеңістік сағаттарын» сіздерге тарту етпекпіз, – деп, үшеуіне үш сағат ұстатты.