Бас иіп, Саткын ерсілі-қарсылы айғайлап жүретін, өз айқайынан одан әрі ашуланатын манапты үндемей тыңдап отырды. Әшекейлі жібекпен киінген саудагер абыржып аяғын астына басып отырды. Саткын бұл шудың айыпкерге табалап қарады. Дегенмен, манапқа ұнамайтын сөзді ысқыртайтын қыз туралы жаңалықтың оны солай дүрліктіретінін ол қалай біле алар еді?
– Жауызды есіркедім, туған баламдай ардақтап өсірдім, жаулардан аман сақтадым… Қамшы оған сабақ болады, ендігәрі беттемеу үшін терісін сүйегіне осып тіліп жіберуге әмір беремін… Сол жаққа баратын біреуді табыңдар!
– Менің әміршім, – қосылды Саткын, – маған баруға рұксат беріңізші. Мен бәрібір ана жаққа баратынмын. Мен Жылдызды білемін, сөйлесейін онымен. Оны жазаласаңыз, оның айтқаны тек одан әрі адуын болып кетеді. Ал мен оған сіздің ойыңызды аман-есен жеткіземін, ол сіз туралы өз пікірін өзгертеді де сізге құрметпен қара бастайды. Ал кейін адамдар басқарушымыз қандай ақкөңіл деп айта бастайды. Уәде беремін.
Қатты сөздер, бірақ өз мақсатына жеткен. Манап елшісіне ұзақ қарады да Саткын іштей жымиды. Ақымақ. Қамыс сабағы тәрізді – жел соққан жаққа ол да қисаяды. Ал желі оған ол, Саткын. Неге, о шіркін, билік бұл ақылы қысқа адамға тиді? Ол текті болғаннан, абыройдан емес. Бұл әділетті ме?
– Жарайды, бара ғой, – ақыры келісті манап. – Бірақ абайлаңдар екеулерің – андаң шекесіне тиеді, бір күні тілейтінін алады.
– Рақмет, мырза.
Саткын бас ұрып үндемей қалды.
– Каракчы ше? – сұрады манап саудагерге қарап. – Ол туралы хабар естіле ме?
– Естіледі, әмірші, – иығы босап деді көпес, әңгіменің өзгертуіне қуанып. – Шапқындарды жолғастырады. Өзім көрген жоқпын, бірақ жол-жөнекей туткундардың керуенін кездестім. Жабырқаңқы, қалжыраған бара жатыр. Айтты – Каракчы, анау сұм. Құйындай соқты, тауарды алды да зымырап шауып кетті. Бірақ бір жігіт оны атып түсірді сияқты деді. Анау бәрібір қашып кетті, бірақ, мүмкін, бір жерде өліп кетеді.
– Иә… – иегін уқалап, создырып айтты манап. – Біздікілерді тиіспейді әлі, бұған да рахмет. Ал далада қарақшылар көп болды, барлығы да өлген. Бұны да ұстап алады.
Ұстап алады, іштей келісті Саткын. Бірақ оның алдында қанша адамның қаза таба алатынын ешкім білмейді, манап та бұны айта алмайды.
Әрі қарай әңгімені тыңдаған жоқ. Байқаусыз киіз үйден шықты да жолға даярлануға бастады. Көп даярлануға керек жоқ – ат үстіндегі ерді тартып байла да шабып жүр. Андам бұл жолы қайда шауып кетті екен?