Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - страница 2

Шрифт
Интервал


– жұмысқа немесе үйге бара жатқан жолда, бағдаршамда тұрған кезде.

– Көңілге, ойға жағымсыз теріс ойлар келгенде қайталаңыз.

– Қағазға жазу арқылы.

– Автоматты түрде әрекет жасаған кезде, мысалы, үй тазалағанда, тамақ пісіргенде, бір нәрсені жөндегенде кезде қайталаңыз.

– Кезекте тұрған кезде қайталаңыз.

– Табиғатқа тамсанып тұрып, күннің шығуы мен батуына, жаңбыр мен қардың жауғанына, даланың құлпырып гүлдегеніне, аспан мен ай жұлдыздардың әдемілігіне сүйсіне отырып көркем есімдерді қайталаңыз.

– Саябақта серуендеп жүру немесе жүгіру кезінде қайталаңыз.

– Кез-келген ыңғайлы уақытта, бос уақыт пайда болса, қайталаңыз, өйткені бұл әрекет толық дәрет, яғни ғұсылды қажет етпейді.


Егер сіз күн сайын бір есімді қайталап жаттап жүрсеңіз, үш ай және тоғыз күннің ішінде сіз барлық 99 көркем есімдерді жатқа жаттауға мүмкіндік бар.

Егер сіз одан да тез уақытта жаттағыңыз келсе, онда күніне үш есімнен жаттасаңыз не бар бір ай және үш күнде барлық 99 есімдерді жатқа білетін боласыз.


Тағы бір тамаша әдіс – бұл 99 көркем есімдерді жаттауды мақсат тұтып жүрген басқа адамдарға осы мақсатына жетуге қол ұшын беріп бар білімімен бөлісу арқылы өзіңізге де көмектесесіз.

Егер сіз тез үйренудің басқа тәсілдерін білсеңіз және өз жетістігіңізбен бөліскіңіз келсе molisprosi@mail.ru немесе Инстаграмдағы @molisprosi парақшасына жазсаңыз болады.

Алланың көркем есімдерін қайталаудың тағы бір пайдасы – көркем есімдерді еске ала отырып дұға ету сіздің мақсатыңызға жетуге оң әсер етеді.

Дұға етудегі әрекеттер

Алла Тағала сенушілерге Оның көркем есімдерін дұғада қосу арқылы сұрауды, жалбарынуды бұйырды. Және бұл дұғаны қабылдаудың шарттарының бірі.


1. Ниетті – мақсатты анықтаңыз.

Алдымен нақты не сұрайтыныңызды анықтап алыңыз. Сіздің мақсатыңыз қандай? Қандай ниет бар?


2. Алланың көркем есімдерінен таңдап алу.

Алланың 99 көркем есімдерінің ішінен ниет мақсатқа жақын келетін есімді таңдап алыңыз.

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар.» (7 сүре «Әл-Араф», 180-аят).


3. Таңдаған көркем есімді КҮНДЕ ҚАЙТАЛАУ.

Келесі алгоритм бойынша көркем есімді күнделікті қайталаңыз.

а) алдымен өз ниетіңізді айтыңыз (іштей немесе дауыстап).

ә) Пайғамбарымызға с. а. у. салауат айтыңыз.

б) таңдаған есімді (бірнеше есімді де қатарынан алуға болады) қайталап шығыңыз. Қайталау саны әр есімінің сипаттамасында берілген.