Читать Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - М. Адейхан

Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары" автора М. Адейхан. Общий объем текста составляет эквивалент 25 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанр наиболее вероятно можно определить как религии / верования / культы. Книга была добавлена в библиотеку 09.08.2023, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Алланың көркем есімдерді қалай тез үйренуге болады? Олардың мағынасын түсіну және қайталау, дұғада қосып айту.Дұғада жасағанда қандай әрекеттерді сақтағаны дұрыс?Қайталаудың, зікір етудің қандай пайдасы бар?Неше рет, қайда және қалай қайталау керек?Бұл сұрақтарға жауаптар осы кітапта келтірілген

Книга Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары онлайн бесплатно


© М. Адейхан, 2021


ISBN 978-5-0053-9658-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кіріспе

Әлемдердің Раббысы барлық нәрсеге шексіз күш иесі болғандықтан, Аллах көптеген керемет қасиеттерге ие. Әлемдердің Раббысының кез-келген есімінің Оның жоғарғы қасиеттерді сипаттайтын өзіндік ерекше мәні бар.

Бұл мақтауға лайық есімдер оларды еске алушылар үшін көптеген артықшылықтар беретіні белгілі. Оларды жаттаудың үлкен артықшылығы – Алланың есімдерін білу Алланы тануға әкелетіні ғалымдардан да белгілі.

Хақ Тағаланың ризашылығын білім арқылы іздейтін адамдар үшін Жаратушының 99 есімінің тізімі дайындалды. Және әр есімнің мағынасы, сипаттамасы, күнделікті қайталану саны және дұғада еске түсірудің артықшылықтары туралы мәліметтер берілген.

Біз Жаратушымызға сенушілердің Өзіне жақындауы жолдарын жеңілдеткені үшін және Өзінің есімдері арқылы сұрауға, жалбарыныға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.


Алладан басқа ешкімде күш те қуат та жоқ.

Алланың көркем есімдерін қалай тез үйренуге болады

Барлығы Алланың 99 негізгі есімдері, сонымен қатар бірқатар қосымша есімдері бар. Бұл атаулардың барлығы Алла Тағалаға тиесілі және бір ғана Жаратушының бар екеніне куәлік етеді.

Күн сайын Алланың көркем есімдерінің мән мағынасына ой жүгіртіп, түсініп күнде қайталау, яғни зікір ету, есімдерді тез жаттауға көмектеседі. Сонымен қатар, дұғаларыңызда көркем есімдерді үнемі пайдалану есте сақтауға тағы жақсы ықпал етеді.

Мысалы, сіз кез келген есімінің мағынасын түсініп, оны күні бойы белгілі мөлшерде қайталау арқылы миыңызға қондыра алу әбден мүмкін. Ал, қайталағаннан кейін дереу осы көркем есімінің құрметіне дуа жасап тілек тілеу де өте сауапты істен болады.

Сонымен, біріншіден, сіз зікір арқылы Жаратушыны үнемі еске түсіріп отырасыз, екіншіден, назарыңызда үнемі алға қойған мақсат бен жоспарларды ұстап жүресіз. Өздеріңіз білетіндей, мақсат қою сүннет болып келеді.

Ең бастысы – жаттауға ниет етіп, Алладан көмек сұрап, әрекет ету – КҮНДЕЛІКТІ қайталау.

Күнделікті қайталаудың (дауыстап немесе іштей) келесі тәсілдері ұсынылады:

– Өзіңізге таңертең, түстен кейін және кешке немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта ескерту қойып белгілі бір мөлшерде күні бойы қайталаңыз. Әрбір атаудың сипаттамасында қайталау саны көрсетілген. Бұған ең көп дегенде 15 минутты уақытыңызды жұмсайсыз. Және де сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша қайталау санын көбейте аласыз.


Читайте также
Вот так бывает, что каждый день едешь, будто по одним и тем же рельсам, куда-то спешишь и ничего не замечаешь… Бежишь и думаешь только о цели и резуль...
Произведение смело можно назвать Детектив 2.0 – столько всего там "накручено".Героиня повести попадает в странное, мистическое время – несезон, в кото...
Двадцать первый век не случайно назвали экспоненциальным. Да, войны, да, массовые опустошения. Все это ничто перед Климатическим ударом. Выжившее чело...
Третья книга из серии Аллоген. Своеобразная трактовка мировых религий вперемешку с черным юмором и скрытым смыслом. Юра, завладев источником энергии,...