Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - страница 25

Шрифт
Интервал


Алдажұман құдасының мына құбылмады қылығына Қарақозы таңғалды. Мынау Шоңды қызынан кем санап отыр ма, әлде біздің берген қалың малымыз үстіне тағы қалың мал қосты жасап отырма білмеді, көңілдегісін бұл да басқаша айтты:

– Жарайды, сөйлес десеңіз сөйлесейік, -деп үйден шығып кетті. Бұл ашудың белгісі еді. Тыста біраз жүріп келіп, үйден шыққан Жамалды онашалап шақырып алды да, сөз бастаған еді. Жамал келіні болса да Қарақозымен жас айырмашылықтары аз болғанықтан еркін сөйлесетін.

Қарақозы:

– Мына Алдажұман бүгін құбылып сөйлеп отыр. Осы берген қалың малды азсынып отыр ма, білмеймін. Әлі де балаларыңмен тағы бір сөйлесіп көріндер дейді. Ол не сөз екенін түсінбедім…

Былтыр Телқозы баяғы берген қалың малды қайтарыңдарды айтып барғанда осы қызын Шоңға бермеші болған. Бұл құбылысына Алдажұманның Жамал да түсінбеді. Содан кейін ешнәрсеге түсінбегендей ой білдірді. Соңында айтқаны:

– Қалың малды азсынып отырса тағы да мал береміз…

Қарақозы келінінің айтқаның жеткізуге Алдажұмаға қайыра барды.

Қарақозы келіп Жамал айтқан сөзін жеткзігенде ол, көңілінде түрған күдікті сөзін ашық айтты:

– Мал жағын қойшы, мен сол берген малға ризамын. Менің ойлап отырғаным қазіргі баламның бақыты. Осы сіздердің балаларыңыздың жаратылысында бір кіәрат бар ғой деймін.

Қарақозының аңқаулығы бар еді, әуелінде Алдажұманның сөзіне түсінбей:

– Ол қандай кінәрат? – деп сұрады

– Әйелге шабыты жоқ, тәрізді. Екі күн қасында жатқанда қасына бір бармай ма?

Қарақозы Алдажұманның сөзін енді түсінді. Қарсы айтар сөзі жоқ сияқты көрінді.

Қарақозы қайтадан келіні Жамалға келді. Алайда, Алдажұман аузынан шыққан сөзді айтуға дәті бармады. Ұялды. Басқаша сөйледі.

Ол Жамалдан Шоңның анау Ақмола жақта алайын деп жүрген қызы жоқ па деп сұрады.

Ондай болса айтар еді ғой, айтқан жоқ, -деді Жамал.

– Аналар қыздан қашып жүр дейді. Мынасы ұлкен ұят болды, ішіңнен шыққан бала ғой, өзің сөйлесіп көрсеңші.

Шоңның бұл қылығы шешесін де таңқалдырды.

Жамал Қарақозыны Ағеке дейтін. Сонысына салып:

– Ағеке, Телқазы айтып отыр, қай бала әкесіне қарсы шығады.

– Жамал мен байқап жүрмін, осы баланың мінезінде бір өзгешелік бар. Орысша оқығанның әсері ме, білмедім. Түсініксіздеу өзі…

Жамал Қарақозының сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры, Шоңды оңаша шақырып алып сөйлескен еді.

– Мына құдалар реніш білдіріп отырған көрінеді. Сен қызына бірдеңе дедің бе?