– Осы сіздердікі қызық, мен көрмей жатып құда түсесіңдер де, енді келіп маған ал дейсіздер. Мен әлі де ойланамын, қызды сынап көремні. Содан кейін барып өз пікірімді айтамын. Қазір қызтуралы ешқандай пікірім жоқ.
Шоңның бұл сөзінде қулық бар еді. Кейінге салып алмай кету ойы бар болатын.
Шешесі басқаша қаттырақ айтқысы келіп еді, көңіліне қарап оны жасаған жоқ.
– Шоң қалқам оның ұят болады. Әкең құда түсіп қойды, енді аласың. Қыздың саған несі ұнамай қалды. Қыз жап-жақсы бала…
Сіз қалай-қалай сөйлейсіз. Қыз сіздерге емес, маған ұнауы керек алдымен…
Енді Жамал қаттырақ кетті.
Қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі бар, бала әкенің айтқан жерінен әйел алуға тиісті.
Егер көңілімнен шықпай тұрса қалай аламын?
– Кейін ұнатасың, бәрі де ретке келеді.
– Сіз Телқозыға қосылғанда ұнаттыңыз ба?
Мына сөзді естігенде Жамал сасып қалдыда, есімде жоқ дей салды.
– Сіз енді бұлай жалтармаңыз. Әр уақытта сүйіп алып, сүйіп тию керек. Күміс те мені ұнатпайтын секілді. Екеуміз бір-бірімізді ұнатпай қалай өмір сүреміз.
Жамал сөзі таусылып қалғандай үндемей қалды. Шоң бұдан кейін үйден шығып кетті. Жамал баласының бұл қылығын Қарақозыға айтқан болатын. Ол мына хабарды естігенде ойланып қалды да:
– Бұл жастар өзгере бастаған екен. Біз жас кезімізде әкемізге қарсы сөз айтпай, ал дегенін ала беруші едік.
– Бұл Шоңның мінезі ешкімге ұқсамайды, осындай бір тік кететіні бар.
– Мен әкем мен Телқозыға баланы орысша оқытпаңдар деп баяғыда айтқанмын. Мына орысша оқудың әсері.
– Ағеке бұл одан емес. Шоңның жаратылысы сондай. Мінезінде мен түсінбейтін қылықтар бар. Білмеймін. Кішкентай күнінен бір айтқанынан қайтпайтын мінезібар. Сонысына салып отырған тәрізді.
– Олай болса бұл баланы мына қызға телудің қажеті жоқ. Шатыстырмайық. Содан Қарақозы үйден шығыпкеткен еді. Тыста мұны күткендей Алдажұман отыр екен. Сөзді Алдажұман бастады.
Бұлар да Жамал Шоңмен сөйлесіп жатқанда әйелі екеуі қыздарымен сөйлескен еді. Екі түн бойы қасына жуымаған жігітке бармаймынды айтып, ат тонын ала қашқан екен. Күміс бұл жолы тіптен қатты кетті. Кімге бар десеңдер де барамын, бірақ мына жігітке бармаймын. Бұл сөзі әйелі арқылы Алдажұмыан құлағына да жеткен. Қыздың сол сөзі әсер етті ме, екеуі оңаша сөз бастаған еді, Алдажұман:
– Қареке, мен сіздерге қызымды бермеймін.
Қарақозы ашуланып кетті де турасын айтқан: