Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің - страница 11

Шрифт
Интервал



Біз осы сәтті түсініп, «осында және қазіргі сәттегі» өзімізге көз жүгірткеннен кейін, біз өз өмірімізді қалпына келтірдік. Біз өзімізге қайтарған өміріміз бізге бәрін шешуге көмектеседі.


Басқа уақытта өмір жоқ!


Ол тек осы сәтте ғана бар. Және де бұл өмір мен біздің болмысымыздың жалғыз сәті.


Себебі біз «өмірдің өзіміз».


Күліңіз, сосын өзіңіздің сол сәтте күн мен бұлттарды бақылап отырғаныңызды немесе құстарды тыңдап тұрғаныңызды немесе салатқа пияз турап жатқаныңызға қарап тұрғаныңызды байқаңыз.


Мен сіздің дәл қазір не істеп жатқаныңызды білмеймін. Бірақ сіз өзіңіз не істеп тұрғаныңызды, осы сәтті саналы түрде қалай сүріп жатқаныңызды түсіну керексіз. Дәл сол кезде сіз өзіңізді өмірге қайтардыңыз. Егер біз осы сәтте жоқ болсақ, біз өліміз, ал өлі күйде біз ештеңе жасай алмаймыз.


Тек осы сәтте өмір сүріп, «жасай алатын» және «шеше алатын» нәрселерді ойлаңыз және шешіңіз.


Мәселе – бұл біздің санамыз ойлап тапқан иллюзия.


Біз өзімізді ақылмен байланыстырамыз. Біз өзімізді «ақыл» деп шештік, бірақ біз «ақыл» емеспіз. Көбісі автоматты түрде: біз – ақылмыз деп санайды.


Осылай ойлаған кезде, біз ақылға бізді басқаруға рұқсат береміз. Біз өмірді бақылаушы екенімізді, ал ақыл – бізге өмірдегі орынымызды табуға көмектесетін аудармашы және интерфейс екенін ұмытып кетеміз.


Ақыл – басшы, – деп шешкен сәтте, біз өзімізді жоғалттық.


Ақыл бізді қазіргі сәттен, жалғыз шынайы өмірден әдейі шығарып тастайды және бізді өткеннің ойлары мен болашаққа деген қорқынышқа сүйрейді, өйткені ақыл өзімін және өзінің «эгосын» біздің жеткіліксіз екендігіміз туралы идеялармен қолдап отыруы керек.


Ақыл осылай шешкендіктен, біз бақылаушы ретінде басқару тізгінін ешбір жағдайда қайтарып алмауымыз үшін ол осы идеялардан айырылмайды.


Біз әрқашан бір нәрсені қалап тұрамыз және бізге әрдайым бірдеңе қажет болады да тұрады. Тапшылықтар мен кемшіліктер шексіз. Және бұл бізге бірдеңе жетпегеннен емес. Шындығында, бізде бәрі жеткілікті.


Егер біз өз өмірімізді молшылық қөзқараспен бақыласақ – бізде әрдайым барлығы бар.


Бұл ақыл тойымсыз. Біз өзімізге қажет болған нәрсеге қол жеткізген кезде кішкене мерзімге, тіпті 5 минутқа болсада, бақыт пен қуаныш сезінетінімізге ұйреніп қалған. Ол осы сәттерде қуанады: «Мен қандай ақылдымын, мен сезімдерге қуаныш әкелетін нәрсеге қол жеткізудің жолын таптым!»