Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің - страница 12

Шрифт
Интервал



Ақыл бізге қуаныш әкелуге басқа қалай көмектесетінін білмейді. Ол үшін жалғыз қолайлы нұсқа – қол жеткізу, 5 минуттық бақытқа қол жеткізу үшін кез келген жолмен бір нәрсеге қол жеткізу. Ол солай үйренген. Ол басқа жолды білмейді.


Әрқашан жетістіктер процесінде болу үшін ақыл тапшылықты және қажет емес нәрсенің елесін ойлап табады. Бізге жетістіктер мен затқа ие болу бақытының қысқа сәттерін әкелсе, бар билік менде, – деп шешті ақыл.


Осы иллюзияны бұзбау үшін, өз билігін ұстап тұру үшін, бізде бәрі бар екенін байқап қалмауымыз үшін, ақыл бізді әрдайым қазіргі сәттен шығарып тастап отырады.

Не істеу керек? Бізбен осыны жасап отырған ақылға билік тізгінін беріп қойып, өз өмірімізді өзімізден қалай тартып алмауға болады?


ЕСКЕ ТҮСІРІҢІЗ:


Біз – ақыл емеспіз, оны бейсаналық деңгейде әдетке айналғанша үнемі еске түсіріп отырыңыз және өзіңізді ақылға теңемеңіз.


Өзіңізді «осы» сәтке қайтарыңыз, осы сәтті бақылаушы ретінде толығымен сүріңіз.


ҰҒЫНЫҢЫЗ:


Осы секундта сізде ешқандай проблема жоқ. Осы секундта сіз орындықта шұлық тоқып отырсыз.


Мысалы, сіз орындықта шұлық тоқып отырған сәтте «несие қарызы» сізге қауіп төндіріп тұр ма?


Неліктен өзіңізді қорқынышпен қоректендіріп жүресіз? Сіз мультфильмдегі «Гав» мысық сияқты қорқып отыруды ұнатасыз ба?


– Ал сен не істеп отырсың?

– Қорқып.

– Онда бірге қорқайықшы, – деді күшік.

Енді өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Қалай?»


ЕШҚАЛАЙ!


Сіз жәй ғана шұлық тоқып отырсыз, болды. Дәл «осы сәтте» сізге шұлық тоқуға еш кедергі жоқ. Сіз жай ғана тоқып отырсыз.


Сіз, бәлкім, қарыз барғой, оны бірдеңе қылып шешу керек, – деп айтатын шығарсыз. Келісемін, бірақ тараудың бірінші сөйлемін есіңізге түсіріңіз – егер сіз тура осы уақытта бірдеңе жасай алсаңыз, жасаңыз, бірақ мүмкіндігіңіз болмаса, ойланудың да қажеті жоқ, осы сәтте қолыңыздан келгенді жасап, өзіңізге осы сәтті кешуге ерік беріңіз.


Дәл осы секундта несие мәселесі жоқ. Осы секундта сіз несие мәселесін шеше алмайсыз. Мұнда және қазір сіз тек шұлық тоқи аласыз.


ОНДА ТОҚЫҢЫЗ


Және осы сәтте жіптің ілмекке қалай түсетінін бақылаумен өмір сүріңіз.


Неліктен осы секундта шешілмейтін мәселе туралы ойлау керек? Және де бұл мәселе мүлдем жоқ болса. Мәселе елес секілді, ойдан шығарылған. Бұл секундта – тек шұлық бар.


Біздің мәселеміз – тек ақыл-ойдың бізді жаулап алуында, және біз, шындықты айтсақ, шынайы өмір сүрмейміз, біз өз өмірімізді қиялдаумен өткіземіз.