2 ТАРАУ. ОСЫНЫҢ БӘРІНЕН АҚЫЛ ҚАЛАЙ ҚОРҒАНБАҚ?
Ал мен бір нәрсені дұрыс жасамай қойып, мені жұрт қабылдамай қойса ше? Бұл қауіпсіз емес.
Қауіпсіздік қажеттілігі бізде инстинкт деңгейінде тұрады, сондықтан бізге қашу немесе шабуыл жасау қалады, және де өлі кейіп танытуымыз мүмкін.
Мен қандай жағдайларда жиі шабуыл жасайтынымызды немесе қашып кететінімізді айтпай-ақ қояйын. Қалай болғанда да, біз әрқашан осы үш әдісті қолданамыз. Біз басқаларды кінәлі ету, жауапкершілікті болған жағдайларға ауыстыру арқылы шабуыл жасаймыз, өйткені бұл өзімізді ақтаудың ең оңай жолы.
Біз қашқанда немесе өлі кейіп танытқанда, мұны қандай жолмен жасаймыз? Дұрыс, әрекетсіздігімізді ақтау арқылы.
Бізге бала кезімізден келесідей бағдарлама енгізілген:
Әрекет = қате = сен жамансың
Жасамайсың = қателеспейсің = еш мәселе жоқ = сен жақсысың
Міне, өзіміздің әрекетсіздігімізді ақтау – бұл шабуыл. «Мен мұны істей алмаймын», «жағдай осылай болып қалды», – осылайша жауапкершілікті мән-жайларға аударып, оларды кінәлауіміздің өзі – мәселеден қашу болып табылады. Бізде әрқашан өзін-өзі сақтау инстинкті қосылады.
Сылтау шаблондары басымызда қаз-қатар тізіліп тұр, ал біз оны байқамаймыз да:
– менің қолымнан келмейді;
– жасап көргенмін, болмады;
– жасай алмаймын;
– бұл мүмкін емес;
– осылай боларын білгенмін;
– олай жасасаң жаман болады;
– олай жасауға болмайды;
– ал маған… болса ше (шексіз тізім);
– бұл тым ұзақ;
– бұл тым тез;
– бұл дұрыс емес;
– бұл тым көп;
– бұл тым аз;
– не істерімді де білмеймін;
– ал басқалар не дейді, ал мені сөгіп жатса ше;
– менің ақылым, тәжірибем жетпейді, мен толық машықтанбадым;
– өзіме лайықты отбасында туылмадым;
– басқа елде туылғанымда ғой, үкімет дұрыс емес, билік ұнамайды;
– немесе өз-өзімізді алдау: «бұның маған қажеті де жоқ»;
– бай болып туылмаған соң, бастап та қажеті жоқ;
– мен лайықты емеспін;
– мен соншама керемет емеспін;
– менің қолымда тұрған жоқ;
– маған кім қол ұшын созар екен;
– әлім келмейді, күшім жетпейді;
– шабытым жоқ, қиялым жетпейді;
– уақытым жоқ;
– басқа шаруамды бітіріп алайын;
– қолым тимейді;
– жағдай осылай болды;
– бұған олар кінәлі;
– оған қаражатым жоқ;
– менің жұмысым жоқ, жұмысым ұнамайды;