Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі - страница 2

Шрифт
Интервал



Құдияр БІЛӘЛ,

жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері,

Қазақстан Мұсылмандары

Діни Басқармасының алқа мұшесі


1-СҮРЕ.

ӘЛ-ФАТИХА.

БЕТАШАР.


Аса қамқор, ерекше мейірімді,

Алланың атымен!


1.

Барлық мактау – Аллаға, әлемдердің Раббысына>1;


2.

Рақымды, мейірімді


3.

Қиямет Күнінің Әміршісі Ол ғана –


4.

Тек Саған ғана табынамыз>1а,

Сенен ғана жәрдем тілейміз:


5.

“Бізді тура жолыңа сала гөр.


6.

Өзіңнің қайырымыңа бөленгеннің

Сала көрмеші, қаһарына ұшырағанның,

Және адасқанның жолына”.


2-СҮРЕ

ӘЛ-БАҚАРА>2

Сиыр


Аса қамқор, ерекше мейірімді,

Алланың атымен!


1.

Әлиф – Ләм – Мим>3.


2.

Міне осы Кітапта күдік жоқ,

Көрсетуші тура жолды,

Раббысынан қорыққаннан тақуа

болып жүргенге>4.


3.

Көмеске сеніп>5,

Намазына мұқият болып>5а,

Кеңшілік етіп садақаны беретінге>5ә,

Біз оған берген нәсіптен.


4.

Кім саған түсірілген (Кітапқа) сенеді,

Тағы сенен бұрын (елшілерге) түскендерге,

Кім Ақыретке нанады,

Әрі онда (ол жайында) күмән жоқ.


5.

Міне, солар Раббылары тарапынан,

Хақ жолда,

Солар ғана қуанышқа ие болар>56 !.


6.

Ал кәпірлерге бәрі бір -

Үгітте, үгіттеме,

Олар (Аллаға) иман келтірмейді.


7.

Алла олардың бітеген,

Құлақтарын, жүректерін,

Көздерінде перде тұр,

Олар үшін зор қинау!


8.

Бірақ кейбірі екіжүзді (мұнафық):

“Аллаға, Ақырет күніне сендік”, -

дейді,

Бірақ жүректерінде иман жоқ.


9.

Алланы және иман келтіргендерді

алдай жақ.

Бірақ өздерін ғана алдағанын сезбейді.


10.

Олардың жүректерін дерт басқан,

Алла сол дерттерін қоздырар.

Өтірікшілер есебі –

Күйзелтуші азапта.


11.

Қашан да оларға:

“Жер жүзінде бұзақылықты

қылмаңдар”, делінсе,

Олар айтады:

“Жоқ біздер жақсылыққа ғана

шақырамыз”, – деп.


12.

Сақ болың!

Шын мәнінде олар бұзақылықты

ғана жайуда

Алайда олар түсінбейді>6.


13.

“Иман келтіргендер сияқты,

Иман келтіріңдер”, – делінсе,

Айтар сөзі олардың:

“Надандар, ақымақтар сияқты

Иман келтірейік пе?” – деп.

Шын мәнінде олар білмейді,

Өздері ақымақ, адасушы екендерін!>7


14.

Ал мүміндерге кездессе

Айтар сөзі олардың:

“Біз де иман келтірдік”, – деп,

Бірақ өз шайтандарымен оңашада>8,

Олар айтады:

“Расында біз сендермен біргеміз,

Оларды тәлкек етіп жүрміз”, – деп.


15.

Алла азғындықта қаңғыртып

Ұшыратар оларды мазаққа.


16.

Олар тура жолды қисыққа

Айырбастап алғандар.

Саудалары пайдасыз!

Тура жолды таппайды.


17.

Олар от жаққан адам сияқты, -

Маңайын жап-жарық қылғанда,

Алла оны өшірді,

Қараңғылықта қалдырып,

Енді олар көрмейді.


18.

Саңырау, мылқау, соқыр болып,

Алла жолын таппайды.