Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі - страница 3

Шрифт
Интервал



19.

Әлде (тағы бір мысал>9), -

Қараңғылықта күркіреп, жарқылдап

Аспаннан нөсерлете құйған жаңбырда,

Олар құлақтарын бармақтарымен бітейді,

Қорқып найзағайдан өлем деп.

Бірақ Алладан құтыла алмас имансыздар!


20.

Олардың көздері найзағайдан

шағылысады,

Оларға одан жарық болғанда,

Олар ұмтылады алдыға.

Қараңғы болып қалғанда,

Тұра қалады жылжымай.

Егер Алла қалағанда жояр еді

Олардағы есту, көру сезімін –

Өйткені, Алла күші толық,

әр нәрсеге жетуші!


21.

Әй, адамзат!

Құлшылық қылың Раббыларыңа,

Кім жаратты сендерді,

Әрі бұрын болғандарды!

Әрине, сақтанғаннан боларсыңдар.


22.

Кім сендер үшін,

Жерді төсек етіп жайды,

Аспандарды қорған қылып көтерді,

Көктен жаңбыр жаудырып,

Шығарды сендер үшін өсімдіктен ризықты.

Сондықтан біле тұра (Ақиқатты),

Аллаға серік қоспаңдар.


23.

Ал егер құлымызға

Біз түсіргенге күмән болса.

Онда осындай бір сүрені келтіріңдер,

Қалағандарыңды шақырып!

Егер сөздерің рас болса!


24.

Бірақ оны егер сендер қылмасаңдар,

Ал оны сендер сірә істей алмайсыңдар.

Оттан қорқыңдар – әзірленген кәпірлерге.

Отыны оның болады,

Тастар мен (бұзақы) адамдар.


25.

Иман келтіріп Аллаға,

Ізгі амал істеушілерді шаттандыр.

Кіреді олар Үжмаққа – өзендерді ағызған,

Оларға одан әр кезде ризық бергенде,

Олар айтады:

“Осы біздерге берілген еді ғой бұрын да”, – деп,

Ол сыртынан ғана ұқсас келеді>10.

Оларға онда өте пәк жұбайлары бар,

Олар мәңгі онда болады.


26.

Алла тартынбайды мысал келтіруден –

Ол кішкентай ғана маса болсын>11,

Мейлі, болсын ең қастерлі жаратылысы.

Ал мұміндер оны біледі,

Ол Раббыларынан (Ақиқат) деп,

Ал қарсы келгендер айтады:

“Алла бұл мысалмен не демек?” – деп.

Алла онымен көбісін салар адасуға,

Және көбісін тура жолға салады,

Тек бұзақыларды жолдан тайдырып.


27.

Аллаға берген уәдесінде тұрмаған,

Біртұтас болуға бұйырылғанды бұзып>12,

Жер жүзіне бұзақылықты таратқан,

Рас, алданғандар, міне, солар>13.


28.

Сендер қалайша сенбейсіңдер Аллаға?

Өлі едіңдер,

Ол сендерге жан берді>14.

Өлтіріп, қайта тірілтеді соңыра.

Сөйтіп, қайта ораласыңдар, Келесіңдер,

Оның алдына тағы да.


29.

Ол – Сол, сендердің мұқтаждарың үшін

Дүниедегі бар нәрсені жаратты

Одан кейін аспанға (жаратуға) көңіл қойды.

Оны жеті қабат көк етіп реттеді.

Алла, расында, әр нәрсені білуші!


30.

Раббың сенің сол кезде періштелерге:

“Мен жерге,

Өз орынбасарымды қоямын”, – деді.

Сонда (періштелер) айтады:

“Олар, онда бұзақылыққа беріліп,

Қанды жерге төгеді,