Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі - страница 8

Шрифт
Интервал




Ван Цзыхай осыны ойлап тұрған кезде цинфу жұмыртқасын басып шығарады. Цинфу өз баласын өте жақсы көреді екен.

Кішкентай цинфу анасын тіптен жақсы көреді.

Кішкентай цинфу қазір ұша алмайды, сол себепті Ван Цзыхай цинфу баласын алып кете қоймас деп ойлайды.

Цинфу күнде алысқа ұшып кетеді, бірақ қандай жағдай болмасын қайтып оралады. Цинфу баласы жақсы көріп жейтін қарағаштың гүлін алып келеді. Осылайша, кішкентай цинфу өсе береді.

Ол Ван Цзыхайдың қоймасында арлы-берлі ұша бастайды. Содан бастап Ван Цзыхай кішкентай цинфу күндердің күнінде үлкен цинфуға еріп кетіп қалады деп алаңдайды. «Оған не істеу керек?» деген ой туады.

Сөйтіп, Ван Цзыхай тәжірибесін бастайды.

Ол аналық цинфуды ұшырып, кішкентай цинфуды байлап алып қалады, ал кейде кішкентай цинфуды жіберіп, аналық цинфуды алып қалып отырады.

Сыртқа ұшып кеткен цинфу уағында қайтып келіп тұрады.

Сөйтіп жүргенде Ван Цзыхайдың өзі де өсіп, кәсіпкерге айналады.

Әрі қарай не болғанын өздерің де сезіп отырсыңдар ғой. Өйткені Ван Цзыхай кәсіпкер. Кәсіпкер болған соң, пайда тапқысы келеді. Қалай пайда табу керек екені оған маңызды.

Ван Цзыхай цинфу ана мен цинфу баланың арасындағы сүйіспеншіліктен шабыттанып, тәуекелге барды.

Ол өзінің ақша салған шкафынан 162 каури алып шығады. Ол кезде каури валюта ретінде пайдаланылатын еді. Ол 162 кауриді сексен бір кауриден екіге бөледі, әр бөлікті тоғыз кауриден жіпке тізеді, әр бөліктегі кауриден тоғыз тізбек каури шығады. Өйткені тоғызға тоғызды көбейткенде сексен бір, дәл солай.

Оны не үшін тоғыз тізбекке тізді деп ойлайсыз?

Өйткені ол кезде барлығы тоғыздың ең үлкен бір таңбалы сан екенін білетін.

Ол сексен бір кауриге аналық цинфудың қанын, ал қалған сексен бір кауриге кішкентай цинфудың қанын жағып қойыпты.

Цинфулардың қан көбейту қабілеті жоғары, қанын алса, қайта қан көбейте алады. Енді ақшаны жұмсау ғана қалды.

Ол ең әуелі үлкен цинфудың қаны жағылған ақшаны жаратады.

Ақшаның бетіне қарап жұмсағанға не жетсін!



Ван Цзыхай өзінің тәуекелді жобасының сәтті болғанына таңғалды! Жұмсаған ақша жылдам түрде өзіне оралатын. Бірақ ақшаның қалай өзіне қайтып келгеніне ақылы жетпеді. Ол бұл туралы ойлай берсе, жынданып кетуі мүмкін екенін сезіп, ондай ойдан арылып ақша жұмсауды жалғастыра берді!

Ол бұл жолы үлкен цинфудың қаны жағылған ақшаны шкафқа салып қойяды да, кіші цинфудың қаны жағылған ақшаны жаратпаққа бекінеді.