«Таулар мен теңіздер классикасы» Сяо Маоның хоббиі делінеді. Ол «Таулар мен теңіздер классика-сының» көптеген нұсқасын жинап, сақтап келеді. Демек, ондағы мәтін мен иллюстрациялар оған үлкен ой салып, шығармашылық шабыт сыйлағаны даусыз. Сяо Мао «Таулар мен теңіздер классика-сын» дәстүрлі мәдениеттің мәйегі деп санайды. Қазіргі кезде ол соны пайдаланып, кәдеге жаратып отыр. Автор Қытай балаларының қазіргі шынайы өмірін «Тау мен теңіз ертегілеріндегі» қиялмен тығыз қабыстырып, шындық пен фантастиканы,бүгінгі өмір мен көне дәстүрді, классика мен за-манауи стильді біріктіріп, жаңа ертегілер құрас-тырды. Оның бұл шығармашылық қадамы бізді қу-антып отыр.
Мысалы, Сяо Мао «Таулар мен теңіздер класси-касында» айтылатын башэ (bаshе)1 пілді жеп, сүйе-гін бірнеше жылдан кейін шығарып тастайды деген аңызды негіз ете отырып, үш жылан туралы ертегі құрастырып шықты: онда Вэйвэй деген кішкентай башэнің И-имен үйленіп, өздігінен жүріп-тұра алмай қалған кәрі башэге қамқор болғаны баяндалады. Кәрі башэ өлер алдында оларға «піл жемеңдер» деп өсиет айтып кетеді. Кішкентай башэ оның өсиетін тыңдамай, пілді жұтып қояды. Бұл қызықты оқиға желісіне құрылған шағын ғана ертегі болғанымен,онда терең философиялық ой мен үлкен мән жатыр. Айта кету керек, «Тау мен теңіз ертегілері» топта-масы балаларға арналған оқиғаларды баяндап қана қоймайды, сонымен қатар балаларға ертегі арқылы негізгі құндылықтарды жеткізуге назар аудартады. Ер-тегілерде ақиқат, ізгілік, сұлулық ұғымдары өте тама-ша тоғысқан. Мысалы, «Отшашар» деген ертегіде әкесі отшашарға «Сен киіміңді, шұлығыңды, аяқ киіміңді түгел шешіп жалаңаштанып, құралсыз, тамақсыз табиғат аясына барып, ағаш пен шөпті қорек етіп, жа-байы аңдармен (егер жабайы аңдар болса) дос бол» дей отырып, оған табиғатпен үнемі байланыста болу керек екенін ескертіп отырады. Сяо Мао осы арқылы балалардың табиғатқа етене жақын өскенін, «табиғат тапшылығы бұзылуы» синдромынан зардап шекпесе екен деген арман-тілегін білдіреді. Тағы бір мысал ретін-де көрсетер болсақ: Сяо Мао өзінің «Хужэнь» деген ер-тегісінде «Қиял, мейірімділік, әділеттілік, жаратылыс,уақыт… таңғы шық, шырт ұйқыда көрген түс, гүлдердің жұпар иісі… осылардың бәрі-бәрін ешкім бағаламайтын деңгейге жетті. Бұл адамды қатты алаңдатады және ой салады» деген сөздерді әженің аузына салып береді.