Балалардың қытай дәстүрлі мәдениетіне деген қызығушылығын қалай оятуға болады? Ежелгі қытай классикасының шығармашылық трансформациясы мен инновациялық дамуын қалай жүзеге асыруға болады? Бұл жағында Сяо Мао пайдалы әрекет жа-сады. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына енген ертегілер ежелгі қытай халқының ғажайып қиялына мұра ету негізінде оны жаңғыртып отыр. Бұл автор-дың дәстүрлі қытай мәдениетіне деген құрметі. Бұ-дан автордың Қытайдың дәстүрлі мәдениетін шығар-машылық жолмен трансформациялауы мен иннова-циялық дамытуға деген ерік-жігерін көруге болады. Қытайда ежелден бар тақырыпты жаңғыртудың өзі балалар әдебиетіне қажетті кеніш болып саналады.
ЧжуЮнсинь,
Қытайбілімберуассоциациясыныңвице-президенті,Қытайдыңбілімберусаласындағы
жаңаоқуэкспериментініңнегізінқалаушы,Сучжоууниверситетініңпрофессоры
Ол заманда аспан мен жердің арасы мұндай алыс емес еді.
Аспан жоғарыда, ал жер астыңғы жақта.
Аспанда Құдай, жерде адамдар өмір сүретін. Әрине, жер шарында жануарлар, өсімдіктер, тіпті құбыжықтар да өмір сүреді.
Ол кезде адамдар құбыжықтарды көргенде, оны құбыжық деп таңғалмайды екен. Үш аяқты мысық,тоғыз басты құс дейсің бе, оның бәрі ерекше деп са-налмайтын! Олар ондайды үнемі көріп жүрген соң, қа-лыпты құбылыс болып сезілетін болар.
Керісінше, құбыжықтар адамдарға: «Адамда екі қол, екі аяқ, екі көз, екі құлақ, бір мұрын, бір ауыз бола-ды екен. Екі аяғымен тік жүреді, сөйлей алады. Құйыр-шығы жоқ екен, қандай қызық!» деп таңғалып, тамса-нып қарайтын болған екен.
Ол кезде жер мен көк бір-бірімен барыс-келіс жа-сап тұратын болыпты.
Құдай жерге түссе, адамдар көкке көтеріле алған. Яғни жер мен көктің арасын жалғап тұратын жол бар екен.
Жол болғанда бейне үлкен қалалардағы метро си-яқты өте ыңғайлы жолдар болыпты.
Олар аспан мен жерге еркін келіп-кетіп тұрған,оларға ешкім кедергі жасай алмайды екен.
Ол үшін билет сатып алудың қажеті де болмапты.
Адамдар аспанға қалаған уақытында барып-келіп жүреді екен.
Ол уақыт Құдай мен адам тығыз байланыс жасай-тын заман.
Ол бір тамаша кезең болған екен.
Қарапайым адам жолда келе жатып, неше түрлі құбыжықтарды кездестіре беретін, тіпті кейде Құдайға да жолығып қалатын. Олар бұл үшін қысылып-қымты-рылып әуре болмайтын. Олар Құдайдың алдында қо-балжып немесе отыра қалып тізерлеп жалбарынып жатпайтын. Тізерлеп Құдайға жалбарыну, бас ұру де-ген кейін пайда болыпты.