Сауда алғаш Шан дәуірінен басталды, саудагер де-ген сөз сол кезде пайда болды.
Шан дәуірінде сауда қалай пайда болды десеңіз,Шан жерінде аспанға көтерілетін жолдар басқа жер-лерге қарағанда көп еді. Баспалдақтар да жиі кезде-сетін.
Адамдар аспанға алғаш көтерілген кезде тартын-шақтап, қорқатын еді.
Қанша дегенмен, аспан мен жердің айырмашылығы жер мен көктей болатын.
«Айырмашылығы жер мен көктей» деген сөз осы-дан қалса керек.
Адамдар аспанға көтерілген кезде қорқақтап, көп жүре бермейтін болған, тіпті дауысын шығарып, қатты сөйлеудің өзіне жасқанатын.
Аспандағы алтын діңгекті көрген кезде «алтыннан жасалған екен» деп көрсетпей сипап қоятын.
Олар жерге түсіп қалған жалпақ шабдалыны жеуге батылы бармайтын, өйткені «оны жеп қойса мәңгі жа-сайды, өлмейтін болады» деп ойлаған.
Сол заманда «Құдай ғана мәңгі жасайды, адамға мәңгі жасауды жазбаған» деген түсінік болған. Егер адам мәңгі өлмейтін болса, ол әулие болып, Құдайға айналар еді, тіпті болмаса… жарайды, қалай деуге болар екен? Әу-лие деңгейіне көтеріліп, Құдайға айналу оңай емес. Адам-нан Құдайға айналу шынымен қиын. «Бұл жәннатқа кір-геннен де қиын» дейтіндері сол ғой. Ол үшін халық ұсы-нуы, сынақтан өтуі керек. Бұл жерде емтихан ғана емес,тексерулер, түрлі сынақтар, ұзақ уақыт бақылаудан өту қажет. Қысқасы, оңай емес. Егер адам әулиелік дең-гейге жетіп, Құдай дейтін мәртебеге ие бола алғанымен (жасыл картаға ұқсас), Құдай сияқты өлмей қойса, жұрт ондайларды «Өлмейтін, кәрі қақпас!» деп сөгіп жатады. Сөйтіп, ақыры өлмей рухқа айналып кетеді.
Адамдардың көбі рухқа айналғысы келмейді, сон-дықтан олар аспанға көтерілген кезде жалпақ шабда-лы аяқ астында жатса да жемейді. Әдепті сақтап,жұп-жуас, алтын көрсе де жолдан таймайды, мораль-дық қасиетті жоғары қояды.
Құдай адамдардан мезі болып, жалықпайды.
Жалығу, қарапайым адам деген сөздер кейіннен пайда болды.
Сол заманда адам адам кейпімен, Құдай өзінің тылсым дүниесімен өмір сүрген. Әр екеуі де таза, пәк,кінәсіз болатын.
Құдай мен адам арасына сызат неден пайда бол-ды? Оны түсіндіру қиын. Уақыт өте келе солай болған екен.
Аспанға көтерілетін, жерге түсетін жолдар жа-былып, сирей бастаған көрінеді.
Ақырында жолды тек Құдай ғана білетін болыпты.
Қарапайым адамдардың аспанға көтерілуі мұң екен.
«Аспанға көтерілгеннен де қиын» дейтін сөз тіркесі содан қалған болса керек.