Батырлар қасымызда. 1 бөлім - страница 2

Шрифт
Интервал


циррозы деп, оған трансплантация жасауға кеш болады деді. Анализдерін қарап отырып, «қаны сәйкес келетін адамды табу керек», – деді. Содан соң бауырды ауыстырып салатын сәйкес адамның жоқтығын айтты, бірақ біраз күту керектігін де айтты.

Дәрігер біраз отырып, бауырды қаны сәйкес келетін, сол үйдің бір мүшесі бере алатынын және де бір жылда бауырдың регенерациясы болып, өсіп, өз қалпына келетінін де айтты. Оны естіп әпкем іштей жылап, екеуміз үйге қайттық.

Сол түні электронды кітаптарды, біраз жаңалықтарды оқып, таңертең әпкеме: «жүр барып тағы да дәрігермен сөйлесейік», – деп шештім. Мен әпкеме айттым, «мен жаспын ғо, мен ауру емеспін, менің бауырым трансплантацияға келетін болса, менің бауырымды алып жасасын», – деп дәрігермен сөйлесуге шештім.

Ақсақал екеумізде сөз жоқ. Бірақ аң-таң болып, балаға қарап отырмыз, «сосын не болды?», – деп.

– Ауруханаға бардық, дәрігермен сөйлестік, өзіміздің шешімімізді айттық, дәрігер «дұрыс шешкен екенсіңдер, Ислам сені тексеру керек, бірақ оны істемей тұрып, шешелеріңмен сөйлесіп, келістіру керек», – деп айтты. Жарты күн бойы сөйлесіп шешемізбен, әйтеуір келістірдік. Дәрігер келіп шешемізге: «қолдан келетіннің барлығын жасаймын», – деп сертін берді.

– Маған келесі күннен бастап тексерулер жасап, менің қан тобымның келетінін және операцияда менің 70 пайыз бауырымды кесіп шешеме салынатынын айтты. Мен қорыққан жоқпын, бір Аллаға сыйынып, шешемді осы аурудан аман алып қалсам деген бір міндет тұрды. Тексерулерден өткізіп болған сон, операцияға дайындады. Үлкен әпкем де қасқа, қасымда жүр, бәрі жақсы болады деген сайын, өзі теріс қарап жылайды, қайтсын, ол өзі де біліп отырғандай, арты егер жақсы болмаса, оған көп сұрақтарға жауап табу керек екенін, бір Алла аузынан түспей жүрді. Оны көрген мен, жүрегім ауырып «сабыр жас емеспін бе, Алла бұйыртса бәрі жақсы болады», – деп отырдым. Әй, сол аурухананың салқыны ма, әлде мен салқындай бастадым ба, білмедім, бірақ бір салқындық кетпей қойды. 2 күн бойы үлкен әпкемді жұбатумен болдым. Бір мезетте, сол ауруханада жас қызды көрдім, жасы 20-25-те болар, өзі көркем сұлу екен, ұзын бойлы, нағыз қазақтың сары қызы, сөйлегеніне қарағанда, көп білетін қыз екен. Мен ойладым: «аман қалсам, осындай бір қызға үйленем», – деп. «Бұл не істеп жүр екен, бір жері ауыра ма екен, әлде бір адамға келді ме екен», – деген тағы бір ой келді.