Мен сіздерге бір әңгіменің басын бастап айтып бергім келіп отыр.
Бір күні Алматы – Жезқазған поездында келе жатып, плацкарт вагонында, бір жігітті кездестірдім. Өзі қарапайым жігіт екен. Танысып, есімі Ислам екен, әңгімелесе мен сұрақ қойып, ол жауап беріп отырды. «Сенің жасың нешеде?», – деп едім, «21-де», – деп жауап қайтарды. «Әскерде болдың ба?», – деп едім, «Иә, болдым», – деп күлді. «Неше тұрлы қызықтар болған шығар», – деп едім, «Иә, болды ғо», – деп күлді. «Қайдан келесің?», – деп едім, «жұмыстан» – деді. «Қай жерде жұмыс жасайсың?», – деп сұрадым, «ашық карьерде» – деп атын айтты.
Өзі қарапайымдылығы соншама, мен сұрамай-ақ әскердегі басынан өткен қызық жағдайлары жайлы айтып күліп отырдық біраз. Әңгімелесе отырып, «түстің шайын кел, екуміз ішейік», – дедім. Ол да қосылып, мәз болып менімен шай ішті.
Содан соң, «қой енді жатып дем алайқ», – деп едім, «иә», – деп, болып: «Секе, мен сізге астынғы орынды берейін деп едім, бірақ бере алмаймын», – деп айтты. «Ештеңе етпес оған қам жеме, жата бер», – дедім. Мен сұрамай-ақ, өзі ұялып: «операциядан кейін сондай болды, жата алмайтын болдым, қанның қысымы көтеріледі», – деп өзі айтты. «Жас емессің бе, ненің операциясы?», – деп едім. «Ой, шешем ауырып қалып көмектестім», – деп жауап берді. Екеуміз, ол астына, мен үстіне жата кеттік.
Біраз демалған соң, оянып астына тустім, қарасам, көрші үлкен кісі ақсақал, жасы шамасы 70-те болу керек, «әй балалар, кел шай ішіңдер менімен, бір өзіме шай жүрмей отыр», – деп күлді. Ислам екеуміз тағы да ақсақалмен шай ішіп отырып, мен: «не операция ол?», – деп сұрадым.
Ақсақал да аузын ашып қарап отыр, әңгімесін айта ма деп, мен де күтіп отырмын. Біраз уақыт өтіп, өзі бастады:
– Мен әскерден келгенде, ауыр хабарды үлкен әпкемнен естідім, шешеміз ауырып, операция жасау керек деп отыр екен. Әпкем Алматыда тұратын, сондықтан сұрап-сұрап, электронды түрде, әйтеуір көзіне жас алып, операция жасайтын жерді де тауып, жазып қойыпты. Әпкем: «Енді не істейміз?», – дегенде, ойланып жүріп «сол аурухана жаққа барайық, солар жауабын айтады», – деп жауап бердім. Таксиге мініп сол ауруханаға бардық, бас дәрігерімен сөйлесіп едік, «сендердің шешелеріңе операция керек», – деп, мән-жәйді айтып берді, диагнозы