Читать Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен… - Махан Мақпал

Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен…" автора Махан Мақпал. Общий объем текста составляет эквивалент 35 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанры наиболее вероятно можно определить как современные любовные романы, книги о приключениях, пьесы и драматургия. Книга была добавлена в библиотеку 06.08.2023, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Ауылдан Астанаға арман қуып келген Ақмарал – қазақтың қарапайым тәуір қызы. Ата-анасының қарауынан таса кеткен қызды Астана құшақ жая қарсы алмады. Сынақтарға толы қалада Берікті кездестіргені бағына емес, сорына айналды…

Книга Астана әңгімелері. Бәріне кінәлі жалғыз сен… онлайн бесплатно


© Махан Мақпал, 2017


ISBN 978-5-4485-0246-0

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

БӘРІНЕ КІНӘЛІ ЖАЛҒЫЗ СЕН НЕМЕСЕ АСТАНА ӘҢГІМЕЛЕРІ

(ӨМІРДЕН АЛЫНҒАН)

***


Түн ортасы тақап қалды. Ал, Берікте ұйқы жоқ. Жұмыс қамы да емес, ой ұйықтатпайды. Бұл ой бір күндік емес, соңғы үш айдан бері ішінде жүр.

Аязды, желді, ызғарлы ерте келген қыстың түні еді. Беріктің киімі жылы. Үстінде жақында ғана Хан Шатырдан сатып алған қалың курткасы бойын қыздырып, тоңдырмайды. Берік екі қолын қалтасына салып, есік алдында тұрған көлігін айнала баяу басып, тынымсыз жүріске ауысқалы біраз болды. Кейде ақырын айтса да, қатаң, дірілдеген даусымен сүйіктісіне арнап айтатын әнін созып айтады:

Ақ гүлдер, көк гүлдер, бәрі де гүлденер,
Таңертең мазалап самал жел.
 Айлы түн астында, ақ гүлдер қасында,
Өзіңді сүйгіздің басқаға…

Әні де, сөзі де ыстық. Жас еркек жүрегін біресе өзіне қарай, біресе сүйіктісіне қарай жетелеген махаббат толқыны жаулап барады. Жүрегі жылап, сағыныш сезімі орала созылады… Ғашығына деген сағынышы… Ақмаралына деген сағынышы…

Көлігін жүз айналса да, ештеңе өзгерер емес. Сағыныш сезімі баяулау түгілі, керісінше оттай жанып, тұла бойын жандырып барады.

Беріктің ойында толқу бар. Соның бірі әйелінен қысылу, ұялу.

Білсе ренжи ме?… Бірақ, әйелімнің не жазығы бар? Әй, ренжиді-ау. Айрылыссам ба екен? Бірақ, кішкентай қызымның не жазығы бар? – деп уайымдайды, қобалжиды.

Берікті осындай ойларынан қалта телефонының шырылы алаң еткізді. Суық қолын қара шалбарының қалтасына салып жіберді. Осыдан бір жарым жыл бұрын сүйіктісі Ақмаралының сыйлаған айфонының экранына қарады. Қоңырау шалып жатқан әйелі еді. Беріктің қабағы күрт түсіп, «сүйгенім болып қалар» деген үміті су сепкендей сөнді де қалды.

Әй, осы қатынға не керек тағы? – деп мұрнының астынан күбірледі де, қоңырауға жауап берместен, телефонын өшіріп тастады.

«Қоңырауға жауап бергенім дұрыс болар ма еді? Жұлдыз бір нәрсені сезіктеніп жүрген шығар? Жо-жоқ, сезіктенетіндей ештеңе жасаған жоқпын ғой…» деген ойлары Берікті есеңгірете, басын айналдырды.

Жұлдыз – Беріктің әйелі. Екеуінің үйленісіп, табысқанына бір жылдан асты. Мектепті ғана бітіріп үлгерген Жұлдыз араға көп уақыт салмай, Берікке шекесі торсықтай қыз бала сыйлап үлгерген.

Шайтанның шашындай ұзарған бұл түн Берікті одан сайын қинай түсті. Желдің ызғары қатая түсті. Аспанға төнген қара бұлт Жаратушының қаһарын білдіріп тұрғандай. Айсыз, жұлдызсыз, суық бұл түн Беріктің сезімдерімен алаңсыз ойнап тұрғандай көрінді.


Читайте также
Далеко в космосе дрейфует космическая станция, отчасти заброшенная и не пригодная для жизни в большинстве отсеков. За станцией присматривает смотрит...
Примечания автора: Для меня книга про Одиссея Фокса - это развлечение с душой. Это трибьют сразу вс...
Эльфы… альвы… сиды… фэйри… волшебный народ… дети судьбы. Кто они такие? Бессмертные, но кровь не пьют (даже в сумерках). Изысканные, но в лакированных...
Вторжение началось.Доверять нельзя никому. Близкие могут убить, родные – предать.Большинство людей изменилось под действием биотина. Теперь кроме обма...