Читать Күзгі романс - Серік Асылбекұлы

Күзгі романс

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Күзгі романс" автора Серік Асылбекұлы. Общий объем текста составляет эквивалент 35 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанр наиболее вероятно можно определить как пьесы и драматургия. Книга была добавлена в библиотеку 09.08.2023, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде біздің бәріміз мына күнаhар тіршіліктен табиғатта мүлде жоқ нәрсені, ешқашан қолға түспейтін құр сағымды қуалап босқа арамтер болып жүрміз бе? Міне, «Күзгі романстың» кейіпкерлері осы жұмбақтың шешімін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрады. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.

Книга Күзгі романс онлайн бесплатно


Екі бөлімді драма

Негізгі кейіпкерлері:

Сайлау – режиссер, 45 жаста

Назым- Сайлаудың әйелі, 40 жаста

Сюзанна – 35 жастағы әйел

Әлібек – Сюзаннаның бұрынғы куйеуі, 37 жаста

Телефондағы дауыс

Бірінші бөлім

Осы заманғы үш бөлмелі, қалалық жайлы пәтер. Бірақ оның кіреберісі мен залы, есігі ашық тұрған жатын бөлмесінің бір бөлігі ғана көрінеді.

Үйдің іші мұнтаздай таза, жарық. Оның әрбір бөлмесі қазіргі замандық жоғары талғамға сай европалық гарнитуралармен, тұрмысқа қажетті басқа да дүние-мүлікпен жабдықталған. Қабырғадағы үлкен аспалы сағат түстен кейінгі з-ті көрсетіп тұр.

Сахна ашылғанда біз бір қолымен бүйірін таянып, бір қолымен аквариумдағы балықтарға жем салып, залға апарар есіктің қыр көзіндегі кіреберістегі киім ілгішке үстіндегі жұқа ақ сұр плащы мен басындағы сол түстес кепкасын іліп жатқан күйеуі Сайлауға зәрлі мысқылмен көз салып тұрған 40-45-тер шамасындағы оның Құдай қосқан қосағы Назымды көреміз. Оның үстінде – әдемі гүлді халат, аяғынжа – жұмсақ тәпішке.

Сайлау. Кәдімгідей жаурап қалдым-әй!.. 7-ші троллейбусты кемі бір 40-45минут күткен шығармын. Қарын да ашты. Назуша, тамақ дайын ба?

Назым. Ух, жулик, а, жулик!.. Еще ұялмай тамақ сұрайды бұл, ә?!

Сайлау. (Таңырқап). Ау, бәйбіше?..

Назым. Не, бәйбіше-бәйбіше!.. Осындай мәймөңкеңді қойшы!.. Мен саған бүгіннен бастап бәйбіше де, басқа да емеспін, білдің бе?

Сайлау. Ау, жарқыным, сен не деп кеттің?

Назым. Байғұс!.. Нақсүйерің ең болмаса тамағыңды да тойдырып жібермепті ғой. Үйінде мынаған беретін тамағы да жоқ шығар ол сорлының.

Сайлау. Кімнің?..

Назым. Кімнің-кімнің!.. Білмей тұрған шығарсың әбден кімнің екенін!..

Сайлау. Осының бәрін сен шын айтып тұрмысың? Түк түсінсем бұйырмасын.

Назым. Жоқ, сенімен ойнағым келіп, әзілім қысып бара жатқандықтан айтып тұрмын. Ух, жулик, а, жулик!.. Қазір ана киімдеріңді ал да, бұл үйден қараңды батыр! Қандай противный едің, а!? (Жыламсырап). Сен… сен бұрыннан сондай болатынсың!..

Сайлау. Қандай?..

Назым. Өшір үніңді!.. Бағана шашы жалбыраған бір албастының соңынан еріп, «Динамо» стадионына қарама-қарсы тұрған ана бес қабатты үйдің бірінші подъезіне кіріп бара жатыр едің ғой. Сүмеңдеп!… Ол түскі он екінің шамасы болатын. Ал қазір сағат неше?

Сайлау. (Қабырғадағы сағатқа көз салып). Үш…

Назым. Үш-үш!.. Үш болса, содан бері қайда жүрсің?!.

Сайлау.


Читайте также
Витенька Изотов рос очень хорошим мальчиком. Тихим и послушным. Он не хулиганил, не жаловался, а прилежно учился и не грубил взрослым. Жизнь у Вити...
После трагического происшествия, не справившись с эмоциями, Михаил теряет дар, работу, жилье и самого себя как личность. Благодаря другу, вытянувшем...
Молодость уходит, а так хочется быть красивой навсегда.Ради красоты она готова на все. Даже на то, чтобы украсть чужие жизни…...
Неофициальный девиз спецназа ГРУ: «Выше нас только звезды». Разведчиков готовили к выполнению практически невыполнимых задач. Например, тайно проникну...
Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретін...
Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып с...
1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы...
Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны сондай, ол жас...