Читать Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Қанатты сөз – қазына. 1-кітап" автора Кеңес Оразбекұлы. Общий объем текста составляет эквивалент 240 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанры наиболее вероятно можно определить как языкознание, мифы / легенды / эпос. Книга была добавлена в библиотеку 09.08.2023, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Книга Қанатты сөз – қазына. 1-кітап онлайн бесплатно


© Кеңес Оразбекұлы, 2020


ISBN 978-5-4498-7631-7 (т. 1)

ISBN 978-5-4498-7632-4

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

«Қанатты сөздер қайдан шықты?» сериясы

ҚАНАТТЫ СӨЗ – ҚАЗЫНА

1-кітап

Аңыз, әңгіме, ертегілерді жинап, құрастырған, қанатты сөздердің мән-мағынасын түсіндірген Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ ДҮЙСЕН.


«Қанатты сөз – қазына» – бұл кітапта халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздер мен тәлімді сөз тіркестерінің қалай, қайдан шыққанын ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен ертегілер, шешендік этюдтар арқылы көрнекі мысал ретінде кестелеп беруге тырыстық. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып ерте заманнан келе жатқандықтан, мән-мағыналары мен жекелеген сөздері ескіріп, көмескіленіп, ұғынып-түсінуге қиындық тудыратындай дәрежеге жеткен. Сол себептен, әр әңгіменің басында немесе соңында олардың түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Туған тіліміздің көркем кестелері мен терең сыр-сипаттарын ұғынып-түсінуге ұмтылған балаларға, жастарға, көпшілік қауымға бұл кітаптың берер қазына-байлығы аз болмас деп ойлаймыз.

АЛҒЫСӨЗ

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер – ежелден бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан жауһар қазыналардың бірі болып табылады. Маржан сөздер деп атайтыны содан да болса керек. Ауыз әдебиетінің бұл үлгілері өзге әдеби жанрларға қарағанда бүгінгі күнге дейін халқымыздың тіл қатынас құралы негізінде кең қолданыста. Ел-жұртымыз оларды тіліміздің құнарлы да мағыналы, икемді де оңтайлы, тапқыр да түйінді сөз бөлшектері ретіндегі маңызын жоғары бағалап, сөз қолданыстарына қосып, тіл байлығын арттыру үшін жаңаларын іздестіріп, қызығушылық танытып келеді. Содан да болар, әр қилы құрастырушылардың ізденісімен мақал-мәтелдердің неше түрлі жинақтары жиі щығарылып, кітап дүкендеріміздің негізгі қорын байытып келеді.

Дегенімен, әлгінде айтқанымыздай, ол жинақтардағы мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің негізі халқымызбен бірге көне замандардан бері жасасып келе жатқандықтан, құрамындағы сөздері ескіріп, көнеріп, сөз қолданысымыздан шығып, бүгінгі жұрттың, әсіресе жастардың тісі батпайтындай, мән-мазмұнын түсініп, ұғуға қиындық туғызатындай дәрежеге жеткен. Міне, осы олқылықтың орнын жабуға біздің құрастырып, дйындауымызбен шығып отырған «Қанатты сөз – қазына» атты кітабы көмегін тигізеді деп ойлаймыз.


Читайте также
ГГ на рыбалке умирает под воздействием древнего артефакта и попадает в тело подростка из сибирского села. П...
Единственное, что меня оправдывает – я думала, что сошла с ума. Поэтому и поддалась на уговоры незнакомки с моим лицом. Теперь я нахожусь в чужом ми...
Сара любила слушать рассказы дедушки про Арктику и эскимосов. Девочка мечтала там побывать и увидеть все эти чудеса собственными глазами. Они с дедушк...
Амелия иногда мечтала о чудесах, но никогда не думала, что волшебство может случиться с ней по-настоящему. А всего-то нужно было – приехать в гости на...
«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қал...
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құшта...
Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейім...
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шы...