Читать Өз өмірің – өз қолыңда - Камилия Исмаилова

Өз өмірің – өз қолыңда

На данной странице вы можете читать онлайн книгу "Өз өмірің – өз қолыңда" автора Камилия Исмаилова. Общий объем текста составляет эквивалент 10 бумажных страниц. Произведение многоплановое и затрагивает разнообразные темы, однако его жанр наиболее вероятно можно определить как современная русская литература. Книга была добавлена в библиотеку 03.05.2025, и с этой даты любой желающий может удобно читать ее без регистрации. Наша читалка адаптирована под разные размеры экранов, поэтому текст будет одинаково хорошо смотреться и на маленьком дисплее телефона, и на огромном телевизоре.

Краткое описание

Бұл кітап – бала алақанына түскен жұлдыз секілді. Ол арманыңды табуға, жүрегіңнің үнін тыңдауға, ішкі нұрыңды жағуға және мейіріммен бөлісуге шақырады. Әр қадам – өзіңе жол, әр бет – жаныңның сәулесі. Сен өзіңе сенуді, әлемнің сұлулығын тануды және өміріңді өзің құруды үйренесің. «Өмірің – өз қолыңда. Жұлдызың әлдеқашан жанған. Сен жай ғана сеніп, алға бас!»

Книга Өз өмірің – өз қолыңда онлайн бесплатно


Переводчик Қалдыгүл Жаныбаева


© Камилия Рашитовна Исмаилова, 2025

© Қалдыгүл Жаныбаева, перевод, 2025


ISBN 978-5-0067-0097-0

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero


Исмаилова Камилия Рашитқызы


• Абай облысы, Семей қаласындағы Балет мектебінің негізін қалаушы

• «Әлем балалары» халықаралық мәдени орталығының төрайымы

• Хореограф-педагог, психолог

• Білім, мәдениет пен өнер саласына қосқан үлесі үшін көптеген марапаттардың иегері

• «Қазақстан халқының бірлігі» Алтын медалінің иегері

• Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері

Кіріспе

Сәлем, менің кішкентай досым!


Менің атым – Исмаилова Камилия Рашитовна. Сені өзіммен бірге сиқырлы саяхатқа шақырамын. Мен балғын кезімнен жұлдыз бен биге ғашық болдым. Осы арманым менің бүкіл өмір жолымның бағдаршамы болды.

Махаббат нұры менің алтын кілтіме айналды. Ол маған Ғаламның тылсым сырларының есігін ашты. Дәл осы сәуле менің 30 жыл ішінде мыңдаған бала білім алған балет мектебін ашуыма себепкер болды. Әр бала өз жолын тауып, жұлдыздары жанып, өз өмірлерін өз қолдарына ала білді.

Енді мен өзіңмен осы сәуле шырағымен бөліскем келеді. Қолыңдағы кітап – арманы мен мейірімі және ақылы мен батылдығы жарасқан жұлдыздар бағына шақыру.

Сиқырлы саяхатқа бізбен бірге жұлдыздарды арман еткен Лея, оның ақылды досы Альтаир және мейірімді Мира аттанады. Біз бәріміз бірігіп, сенің шоқжұлдызыңды ашамыз.

Дайынсың ба, Дос? Онда кеттік, сиқырлы саяхатымызды бастайық!

1 тарау.

Жұлдыздан да жарқын арман

«Жұлдыздың бәрі кезінде арман болған.

Ал сен арманыңның отын жақтың ба?»

Ғаламда миллиондаған жұлдыз бар. Оның әрқайсысы – біреудің жүрегінен туған арман. Бірі жарқырап, аспанның сәнін келтірсе, келесісі енді ғана жана бастады, ал енді бірі өзінің сәт сағатын күтуде. Лея кез келген арманның жарқырайтын өз сәті болатынына сенеді.

Сол күні Лея орман алаңқайында ойға беріліп, билеп жүрген. Оның әр қимылы аспандағы жұлдыз сәулесіндей қалықтайды. Ол тоқтай қалып, аспанға ұзақ қарады.

– Менің арманым тым алыс па екен?.. – деді сыбырлай сөйлеген Лея.

Оны сырттай бақылап тұрған ақылды досы Альтаир жақындап келіп:

– Арман дегеніміз жұлдыз, – деді. – Ол биік аспанда, ниетің шын болса, оны көре аласың.

– Оның қайсысы менікі екенін қалай білемін?

Альтаир жымиды:

– Жүрегің өзі-ақ таниды. Нені армандасаң, сол – сенің жұлдызың. Сені бақытты ететін де сол.


Читайте также
Легенда об Архисыре – это миф о зарождении Вечной Жизни Великого Микробиома. О Сыре, созданном не просто руками пастуха, а при участии четырёх стихий...
Книга является учебным пособием для лиц изучающих философию по необходимости или на досуге. Автор пытается в доступной форме изложить сложные философс...
Средневековую Англию сотрясает война двух роз: Алой –Ланкастеров и Белой –Йорков. Сыновья Эдуарда IV Йорка убиты их дядей, Ричардом III. Однако убийцу...
Юная девушка, пережившая в детстве унижения и избиения, постепенно учится себя защищать всеми доступными средствами и становится сильной одиночкой. Од...
В далёкой стране, где звёзды шепчут о волшебных тайнах, живёт девочка по имени София. Путешествуя через леса и горы, она ищет свет, который может осво...
Эта книга – путеводитель в мир балета!Настоящее руководство для учеников балетных и хореографических школ, их педагогов и родителей. Она охватывает вс...