Гүлмінездің гүлдері - страница 14

Шрифт
Интервал


– Шырағым-ау! Ерте тұрғансың ба? – деген дауыс оның ойын ке-неттен бөліп жіберді. Гүлмінез жалт бұрылса, жанында әжесі тұр. Оның әжімді, момақан жүзі өте сүйкімді көрінді. Бұрынғы бұйығы, қара-пайымдылығынан түйір дақ қалмағандай.

– Әже, – деді ол, әжесінің тарамыстай қолын алақанымен айма-лай сипап. – Жайлау таңы қандай әсем. Неткен ғажайып күй ырғақ-тарына толы…

Оның танауына жаңа сауған сүттің иісі келді. Әжесінің бал тамған саусақтарына сіңген сүт қой бұл. Ол осы қамқор саусақтарды сығым-дай ұстап, жүзіне жақындатты.

– Иә, жаным, – деді әжесі. – Жайлау таңын көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бар берекенің басы осы сылқым таңмен еріп келеді. Ерте тұрып әдеттенген адамға ырысын үйіп береді. Сен де сондай сергек жандардың бірінен бол, қарағым, – деп шешілді.

– Айтқаныңыз келсін! – деді Гүлмінез ересек адамдарша. Артынша:

– Ой, әже, – деді ойына бір нәрсе түскендей ырши секіріп. – Менің қағаз-қаламдарым қайда? – деп жүгірген күйі үйге сүңгіп кетті. Үйге қалай кірсе, солай жылдам шықты. Қолтығына қағазын, уысына қаламдарын қысқан күйі, үй артындағы биік дөңге тұра жүгірді. Мөлдіреген шық тамшыларын да елемей, көк шалғынға апыл-ғұпыл тізе бүкті. Содан, алаулаған күнге бетін бұрып, тапжылмастан көп отырды.

Қария қойларын өргізіп жіберіп, сәресісін ішуге қайтып келген. Немересінің бос төсегін көріп:

– Гүлмінез қайда? – деп сұрап еді, кемпірі иегімен дөң жақты нұс-қады. Қария үй сыртын көлегейлеген биік жонды тасадан шығып барып қарады. Немересінің қағазға шұқшиып отырғанын көріп, көңілі орнына түсті.

Бұл кезде кемпірі үй алдындағы ошаққа от жағып, түтін түтетті. Сүт пісіріп, шай қамдауға кірісті.

Үй ортасындағы жайдақ үстелге дастарқан жайып, шалы екеуі енді жайғаса бергенде, Гүлмінез де кіріп келді. Жүзі бал-бұл жанып, қария-лараға жайнаңдай қарады.

– Ата, әже! – деді, қунақ та ынтық үнмен. – Сүйікті немерелеріңіз алдарыңызға сый-сияпатымен келіп тұр. Ал, кәне, құлақ қойыңыздар! Төбелеріңізден жыр-шашу шашамын!

Ол қағаздағы маржандай тізілген жазуды әуезді сәби үнімен мың құбылта оқи жөнелді:

– Шуағыңмен

Әлемді

Аймалайсың, Алтын Күн,

Аралайсың бар елді,

Қалін біліп халқыңның.

Ел-жұрт сені көрмесе,

Сағынысып қалады.

Айтшы, Алтын Күн,

ендеше,

Қай жер саған бағалы?

– Орман, тоғай, күллі

жер —

Бәрі бірдей мен үшін.

Болсын деймін мұңсыз ел,