ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - страница 22

Шрифт
Интервал


– Е-е, – деді Нар маңдайын жырған бір тікенді бұтаны қолымен сындырып жатып. – Әр шақырым сайын елді мекен, жерлері тарам-тарам жолға айналған, ну орман, жынысты тоғай, қалың шілікті қыр-белдерден жұрдай болған бүгінгі Еуропа жерінің кешегі күні осындай адам аяғы баспаған жабайы, жапан түз болғанына тіптен сенбей келемін.

– Біз де солай ойлап келеміз.

– Әлгінде биік жотадан байқаған ашық алаңқайымыз қайда кеткен?

– Жоқ әлде адастық па?

Би қолындағы тұсбағдарына қарады:

– Мүмкін емес!

Үшеуі өстіп мойнын созып, жан-жақтарына қарап әупірімдеп жүріп, жынысты бұта арасынан да шықты-ау. Әлгіндей елегізген көңілмен ашық далаңқайлы алапқа іліккендері сол еді, бес-алты қадам жүрмей жатып алдарынан, бір тал қайың түбінен салт атты жас жеткіншекті көрді. Ол бұларға қаратып садағын кезеніп тұр екен. Бауырлар үшеуі де қолдарын көтергенімен, адамзат баласын жолықтырғандарына қуанып, күлімсіреп, жайлап жақындай берді:

– Бізде қару-жарақ жоқ, сіздерге достық көңілмен келе жатырмыз, – деді Ер өздерінің доспейіл екенін байқатып.

– Қайда бара жатырсыңдар? – деді жеткіншек сол сұсты күйі.

– Біз Анарыс деген кісіні іздеп келеміз.

– Анарыс?!. Ол кісі менің қожайыным ғой. Сіздер оны қайдан білесіздер?! – деді бала даусын жұмсартып.

– Біз ол кісінің қандас бауырлары боламыз.

– Анарыс бабаның ғұлама, данышпандығы, әлемдегі жеті ғұламаның бірі болғандығы жайлы сырттай естіп, атына қанығып, мақтан тұтып жүруші едік. Енді оны жақыннан танып-біле түссек деп, жолығуға бара жатқан бетіміз еді.

– Ой, ол кісіні менен артық ешкім білмейді, – деді жеткіншек садағын қылшанына3 салып, атынан түсіп, қауғалақтап. – Өйт-кені, мен оның бала жастан бергі атқосшысымын. Атым – Ардан. Міне, сықап алған қоржынымды көрдіңдер ме, қожайыныма бір аптаға жетерлік азық-түлік апара жатырмын.

– Бала жастан атқосшы болсаңыз, өте жақсы! – деді Ер қуанып.

– Онда сіз Анарыс бабамен Элладаға бірге барған боларсыз?

– Әрине! Е – е, онда біз тура ертегідей қызықты дәурен сүріп едік қой, – деді тамсанып. – Жолымыз бір екен, мен сендерге бұл хикаяны басынан-аяғына дейін айтып берейін, жол қысқарсын, – деді құлшынып.

– Иә, айтыңыз. Құлағымыз сізде, – деді балалар да көктен тілегені жерден табылғанына қуанып.

– Анарыс хан ием ата-бабасынан ел билеп келе жатқан тәңірқұт тұқымы. Бабасы Сапарғали, атасы Елек, әкесі Қоңыр – нағыз