Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарына ізгілік және қамқорлық етеді.
Зікір айту саны:
402 – Қандай жағдай болсын, әрдайым жақсылық ішінде болады. Күллі жаратылыстың жамандықтары мен зиянынан қорғалады.
13. Әл – Бәсит – Кеңейтуші, береке Беруші, Жаюшы.
Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
Зікір айту саны:
72 – Ризық несібесі мол болады, жүрегіндегі қорқынышы мен уайымынан арылады. Таңғы намаздан соң қайталаса ризық несібесі мол болады және Алла туралы таным-көкжиегі кеңейеді.
14. Әл – Басыир – Бәрін Көруші.
Ол бәрін көреген. Адам және басқа мақұлықтар көрмейтінін бәрін көреді.
Зікір айту саны:
100 – Алла Тағала жүрек көзін ашады.
15. Әл – Бәтын – Жасырын, Ішкі, барлық нәрсені Қамтушы.
Ол жаратылыстарының көзіне көрінбейді. Ол барлығының не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
Зікір айту саны:
62 – Кең пейілді, нәпсісі өзіне бағынатын болады және жүрегі Аллаға деген сүйіспеншілікке толады.
16. Әл – Баъис – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір Беруші.
Өлген соң қайта Тірілтуші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
Зікір айту саны:
537 – Ерік күші мықты, берік болады және мақсатына жетеді. Жүрегінен Алла Тағала ғапылдық пен қатыгездікті алып тастайды.